Хат жазыңыз

2 752 рет қаралды

Өткен аптада өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын адамдар Орталық сайлау комиссиясының сайтында арнаулы форманы толтыру арқылы біле алатын еді. Енді ережеге біраз  өзгерістер енгізілді.

Өзіңіздің  сайлаушылар тізіміне енгізілгендігіңізді білгіңіз келсе, мекен-жайыңыз бойынша өз сайлау учаскеңізге баруға немесе телефон арқылы хабарласуыңызға болады. Егер уақытыңыз болмаса, ақпаратты Интернет арқылы ала аласыз. Ол үшін сізге хат жазып, оны мына izbiratel@election.kz. электронды поштаға жолдауыңызға болады. Хат мәтінінде өз тегіңізді, әкеңіздің аты мен есіміңізді, туған жылыңыз бен жеке бас куәлігіңіздің нөмірін және 12 таңбалы идентификациялық нөміріңізді көрсетуді ұмытпаңыз. Хаттың жауабы сіздің электронды поштаңызға жіберіледі. 

Анастасия ПАСТУХОВА

17 наурыз 2011, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.