Кем дегенде бір генералдыңжарып жіберсем деген арманына татымаған журналист, осал журналист.
(«Московский комсомолец» тілшісі Дмитрий Холодовтың рухына, 1994 ж.)
Нашар журналист жасынан-ақ жақсы адамдар туралы, жақсы журналист әлсіз адамдар туралы жазуға бейім.
Жақсы журналист жақсы хирург секілді мейірімсіз, бірақ біреуіне коньяк құйып, енді біреуін бос шөлмекпен басынан ұрып ризалайды.
Редакция басынан шығармашылық бедеулікті өткерген кезеңде, газет нәпсіқұмар алпауыттай көріне бастайды.
Егер жергілікті газетте тек әлемдік жаңалықтар ғана орын алса, демек, журналистерде «жұлдыз ауруының» басталғаны.
Сын сындарлы болу керек деп айтылса, демек, оны қаламағаны.
Егер журналист жазушы атанып, кейін газетке редактор болып қайта оралса, онда сіздің қалада енді жаңаша ештеңе бола қоймайтын секілді.
Журналистика – табысы тікелей дұшпанының санына пара-пар өсетін кәсіпкерлік қызметтің бірден-бір түрі.
Егер қолжазбаларды құрта алмаса - баспахананы өртейді.
(2002 жылдың 3 мамырындағы түнгі өрт туралы)
Мемлекеттік БАҚ-дағы сын - шын, ал, тәуелсіз БАҚ-дағы сын - мін.
Әбділда МҰҚАШЕВ