Атырау, 20 сәуір 11:45
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау экобелсенділері Теңізшевройл экологтарына ыңғайсыз сұрақтар қойды

2 029 просмотра


ТШО кеңсесінде Теңізшевройл экологтарының Атырау қаласының экобелсенділерімен бейресми кездесуі өтті, олардың қатарында Арман Хайруллин, Таңат Нұрымов, Шынар Ізтелеуова және Әзілхан Байбатыров бар. Белсенділер радиациялық фон, флюидтердің сәулеленуі және жер қойнауынан шығарылған жынысөзек,сондай-ақ қалдықтарды жою жөніндегі мердігерлерді қадағалауға қатысты әртүрлі сұрақтар қойды.

Кездесу ең өзекті қоршаған ортаға шығарылған қалдық мәселесін көтеруден басталды.Компания соңғы 20 жыл ішінде ТШО мұнай өндіру көлемінің 2,6 есе артуымен атмосфераға шығарындылардың қарқындылығын 65%-ға азайтқанын мәлімдеді.Мұндай нәтижеге жабдықтың пайдалану сенімділігін арттыруға бағытталған ірі жобаларға инвестицияларды жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілді. ТШО экологтары Жасыл Технологиялар Орталығы жүргізген кешенді-техникалық аудит нәтижесі бойынша Теңіздегі 60-қа жуық технология Қазақстан Республикасындағы ең озық қолжетімді технологиялар мәртебесіне ие бола алатынын атап өтті.

Экобелсенділер кездесу барысында Теңіз кен орнының айналасындағы ауа мониторингі станцияларының санын екі есе арттыруды ұсынды. Жауап ретінде ТШО компаниясының экологтары станциялардың саны мониторинг сапасына әсер етпейді деп сендірді. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институты жүргізген талдау нәтижесі Теңіздегі ауа мониторингі станцияларының саны жеткілікті екенін растады.

«Бір метан молекуласын жағу үшін екі оттегі молекуласы қажет деп есептедім. Бұл бағытта қандай шаралар қолданылуда?», - деп сұрады Арман Хайруллин. Күрделі технологиялық операциялар кезінде тұтынылатын оттегінің мөлшері қосымша параметрлерге, мысалы, қысымға, температураға, газ ағынының жылдамдығына, жабдықтың түріне, атқарылатын операцияға және т.б. жағдайға байланысты болады.Мысалы, жану температурасы неғұрлым жоғары болса, жану реакциясы соғұрлым тез жүреді және оттегі аз тұтынылады. Осыған байланысты Арман ұсынған есепті ТШО жабдықтарына қолдануға болмайды.

Сондай-ақ, белсенділер Каспий теңізіндегі ТШО-ның қызметі, атап айтқанда Келешек кеңею жобасы аясында ТШО-ның атқарған жұмыстары жайлы сұрады.Мұнайшылардың айтуынша, кезкелген теңіз кемесі жүзген кезде онда флора мен фаунаны арнайы оқытылған бақылаушылар болған, олар кемешілерге жануарлардың жақын жерде орналасқаны туралы жедел ескерткен.Егер бақылаушылар итбалықты 50 метр қашықтықта байқаған болса, жануар жұмыс аймағынан өздігінен кеткенше кезкелген жұмыс дереу тоқтатылатын. Үлкен теңіз кемесі және түпті тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы жабдық толық тоқтатылғанкездерде болды.

Қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтармен бірге экобелсенділер «ТШО қалдықтарын қандай компаниялар жояды?» және «қандай компаниялар өндірістік экологиялық мониторинг жүргізеді» деген сұрақтар қойды.

Арман Хайруллин кездесу аясында Әзілхан Байбатыров ұсынған қалдықтарды қайта өңдеу жобасын іске асыруға «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму бағдарламасынан 2 млрдтеңгені бөлуді ұсынды. ТШО қызметкерлері бұл ұсынысты Атырау облысының әкімдігіне беруге уәде етті. Әкімдік халықтың қажеттілігіне қарай «Игілік» бағдарламасы үшін жобаларды іске асыруға ұсынады.

Кездесуді қорытындылай келе, Арман Хайруллин: «Менің ойымша, негізгі сұрақтарға жауап алынды. Бір үстелде отырғанымыз және экология мәселелерін талқылағанымыз үшін ТШО-ғаалғыс айтамыз». ТШО үкіметпен және жұртшылықпен байланыс басқармасының бас менеджері Дәрмен Аронов өз кезегінде былай деді: «Біз одан әрі сындарлы өзара қарым-қатынас орнатуға үміттенеміз. Біз әрқашан диалогқа дайынбыз, егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, міндетті түрде жауап береміз».

16 қыркүйек 2022, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.