Атырау, 29 наурыз 15:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тәуелсіз экологтар Атырау мұнай өңдеу зауытынан не күтетінімізді түсінгісі келеді

1 199 просмотра

Қоғам белсенділері Атырау мұнай өңдеу зауытында неліктен балама электр қуатының көзі жоқ, кешегі алауда жану салдарынан атмосфераға қандай зиянды заттар және қаншасы түсті деген сауалдарға жауап алу үшін «Қазмұнайгаз» басшылығымен кездесуді талап етуде. Осындай күтпеген жағдайларда жарылыс болуы мүмкін бе? Ең бастысы – зауыттың Атырау тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты іс-шаралар жоспары бар ма?

– Тұрғындар өз қауіпсіздігіне қатысты дер кезінде хабардар болу, қалай болғанда да аман қалудың, аулақ кету мүмкіндігінен айырылды. Кенет жарылыс болса ше?! Кеше зауыт мұржасынан түтін шыққанда не болып жатқанын білмедік. Ал адамдарға әлі күнге дейін атмосфераға қандай зиянды заттар тарағаны және бұл денсаулыққа қаншалықты әсер ететіні беймәлім. Кеше жаңбыр жауып, соның арқасында оның иісі қатты болмады, – дейді «Жайық-Каспий Орхус орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Шынар ІЗТЕЛЕУОВА. – Екінші мәселе - мұндай апатты жағдайлардың алдын алу үшін барлық ірі кәсіпорындарда баламалы қуат көздері болуы керек. Үшіншіден  – мұндай жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарлама бар ма? Атырау мұнай өңдеу зауыты ТЖД-мен өзара жұмыс істемейді, тұрғындарға шұғыл түрде хабардар етпейді екен. Зауыт қала ішінде орналасқан және ҚМГ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экологиялық бағдарламаларға қаражат бөлуі керек. Қазір барлық мәселе тұрғындардың саулығын ойлау емес, қаржыны үнемдеу негізінде шешілуде. Сұрақ көп, Қоғамдық кеңес өкілдері осы мәселелерді шешу үшін зауыт басшылығымен кездесуге қол жеткізбек.

«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Галина ЧЕРНОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі жағдай өндірістегі тәуекелдерді басқару процестерінің осалдығын көрсетеді.

– Газ шығарыла бастағанда тұрғындар оны бірден сезінді, әсіресе, Жилгородок, «Атырау Ақпарат», Бірінші учаске, АМУ аудандарында. Күкіртсутегінің қауіптілігі сонда - адамның иіскеу сезімі оның әлсіз концентрациясын ғана байқайды, ал ол көбейген кезде біз оны сезбейміз. Яғни, біз ұйықтап кетіп, оянбай қалуымыз мүмкін. Оның үстіне, кейбір адамдар осылай өліп жатыр. Алайда құжаттарда жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулар деп көрсетіледі. Мәселе мынада – бізде атмосферадағы зиянды заттардың тұрғындардың денсаулығына әсері туралы зерттеу жүргізілмейді. Бізде күкіртсутек қана емес, бір-бірімен әрекеттесетін басқа да заттар шоғыры бар, біз соның бәрімен тыныстап отырмыз, – дейді Г.Чернова.

Экология департаментінен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өндірістің апатты түрде тоқтатылуына байланысты шығарындыларға қатысты қазіргі жағдайды біле алмадық. Басшысы еңбек демалысында, ал орынбасары қоңырау мен смс-хабарламаларға жауап бермеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2022, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.