Атырау, 6 қазан 11:40
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Қазақстанның әлеуметтік мәселелерін шиеленістіру кімге керек?». «Алматы дипломатия орталығына айнала ма?». «Амангелдi Шабдарбаев: Кiсi өлтiрушiнiң кiм екенiн бiлемiн, бiрақ айтпаймын...». «Зейнетақы қорлары жабылмайтын болды».

1 908 просмотра

ZHASALASH.KZ.«Амангелдi Шабдарбаев: Кiсi өлтiрушiнiң кiм екенiн бiлемiн, бiрақ айтпаймын...» - Иә, мен көп құпияны бiлемiн. Тұтқындаулардың қалай жүргiзiл­генiн, қалай қылмыстық iстер қозғалғанын, ұнамайтындарды қалай қуғанын бiлемiн. Оқырман дұрыс ақпарат алу үшiн мен тек болған оқиғаларға түсiнiктеме ғана бере аламын. Бiрақ мәселенiң ықпыл-жықпылын ашпаймын...

AZATTYQ.ORG. «Экология белсендісінің өлі денесі табылды»- Тастыбұлақ тұрғындары бірқатар құзырлы мекемеге шағым-арыз жазған. Дегенмен ағаш кесу тоқтамаған. Тұрғындардың айтуынша, соңғы рет наурыздың 2-сі күні ағаш кесішулер мен тұғындар қақтығысып, жер телімінің қожайыны қоқан-лоқы көрсеткен.

AIKYN.KZ.«Зейнетақы қорлары жабылмайтын болды» - Жаңа заң жобасы бойынша «Зей­нета­қы­мен қамсыздандыру саласында» енді мемлекеттік монополия енгізіледі! Тағы бір қызықты жаңалық: бүгінде өз жұмысшыларының жалақысынан ұс­талған зейнетақылық жарналарды ЖЗҚ-ларға аудармай, басқа мақсатқа жұмсап жіберетін жұмыс берушілер бар, оларға прокурорлар өз құзырлары шегінде ық­пал етуге тырысады. Енді қараңыз: егер қандай да бір ұйымның міндетті зей­нетақы жарналары бойынша берешегі туындаса және онысын 6 айдан астам мерзім ішінде өтемесе, онда бұдан былай салық қызметі органдары оның басшы­сы­ның аты-жөнін, тіпті оның жеке сәй­кестендіруші нөміріне (ЖСН) дейін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жария ететін болады!

«Ескі көлікті жаңасына айырбастау мүмкін бе?» - ҚАБҚ өкілдері қазірдің өзінде отандық автокөлік нарығы үшін бүкіл әлемде өзі­нің тиімділігін дәлелдеген «ескі» автокө­ліктерді «жаңасына» айырбастауға деген құлшынысты ынталандыру тиімді деп есептейді. Ресми дилерлердің автосалондарында trade-in жүйесін (трейд-ин – дилерден сатып алынған көлікті қосымша құн төлеп, жаңасына айырбастау) белсенді енгізу – автомобильдер паркін жаңа­лаудың бір құралына айналар еді. Бұл әдіс дамыған елдерде, сондай-ақ көрші Ре­сейде кең қанат жайған. Дегенмен сарап­шылардың пайымдауынша, Қазақстанда trade-in жүйесінің дамуына қолданыс­тағы салық заңнамасы тосқауыл болып тұр.

HALYKSOZI.KZ.  «Кулагин кетті, Кулагин келді!» - Қазір біздің билік орындарында әке мен бала проблемасы жоқ емес, бар. Биік лауазымды тұлғалардың балалары қызметке бара қалса күдіктене, күмәндана қарайтынымызды несіне жасырамыз? Жоғарғы эшелонда қызметте болған адамдардың бала-шағасы күн көрмесін деген сөз емес бұл. Тіпті әкеден балаға берілетін талант, қасиет, қабілеттерді де жоққа шығармаймыз. Десе де осы 26 жастағы Павел Кулагин қандай айырықша, ерекше істерімен көзге түсті екен? Соның бәрі басы ашылып айтылуы керек еді. Жоқ, интернет пен түрлі ақпарат көздерінде оның әлгі ресейлік беделді университетті бітіргеннен кейін талай қызметті ауыстырып үлгергені ғана айтылып қалды.

ALASHAINASY.KZ.«Сағы сынбаған қайсар жан» - Онымен жақын танысқан соң, менің көкейіме «әйел қайсарлық пен өжеттіліктен жаралған жан екен ғой» деген ой орала береді. Қол-аяғы балғадай талай азамат жұмыстың жоқтығын сылтауратып, екі қолға бір күрек таппай жүргенде қолтығындағы екі балдағына сүйеніп әзер жүргеніне қарамастан, үш қабатты сауда орталығы мен екі сұлулық салонын басқарып отырған Арзыгүл Абдрахманқызымен әңгімелесе келе өзіме рухани күш-жігер алғандай болдым.

EGEMEN.KZ. «Қондырғы желсіз күндері де қуат өндіреді»- Біржан қарапайым ауыл баласы, әкесі – тракторшы, анасы – мұғалім, Зеленов ауданының тумасы. Өз жұмысын Еуропаның, АҚШ-тың, Қытайдың және өзге де шетелдердің электр техникалық тауарларын, есептегіш аспаптарын, мұнайгаз жабдықтарын сатудан бастаған. Өзіне пікірлес, рухани жағынан жақын жігіттердің басын құрап, компания құрды. Бүгінде «ЗападЭнергоПром» ЖШС – әлемге танымал немістің Finder, Hummel, шведтің ABB се­кілді мүйізі қарағайдай компанияларының еліміздегі ресми өкілі. Қазір компания жүк тасымалына арналған тіркеме техника, генератор түрлерін, дәнекерлегіш аппараттарды, жарықтандырғыш құралдарды құрастырып, шығаруға әбден маманданды.

ABAI.KZ.«Терминқұмарлық та –тілбұзарлықтың бір түрі»- Қазір қазақтың оқыған-тоқыған-шоқы(н)ған атаулысын былай қойғанда кейбір тіл мамандары мен тіл басқармалары, тілдерді дамыту (қалай дамытады, сөз ойлап табатын шығар?!) орталықтары, қазақ тілі қоғамы деп аталатындардан нәфақа тауып, қатын-баласын асырап жүргендердің өзі мына сөздің қазақшасы бар ғой немесе қазақыландырайық та десең «Ойбай, бұл термин сөз, оған тиісуге болмайды» деп шыж-быж болады. Солардың тиісуге болмайды, термин сөз деп жүргенін түптеп қарасаңыз, ол тек француз, ағылшын, неміс, итальяндардың ғана ортақ сөздері екен. Олардың өздері де ол сөздерді өз тіліне бейімдеп, өзгертіңкіреп айтады.

«Қазақстанның әлеуметтік мәселелерін шиеленістіру кімге керек?»- Бұл қазір көптің көкейінде жүрсе де жауабын кесіп айтуға қиын сұрақ. Не үшін жұмыссыздық барған сайын артып келе жатыр? Коммуналдық қызмет ақылары мен жанармай неге қымбаттап бара жатыр? Осыншама көп сауалдың төңірегінде тірлік жасап жатқан қазақ халқы бұл мәселелер туралы ойланбайды дейсіз бе? Әрине ойланады. «Шындықты айтуда қиын, естуде қиын» деген сөз бар. Біздегі әлеуметтік жағдайлардың қиындауын қарапайым халық та түсіне бастады. «Қағазбастылық пен жұмыссыздық егіз, Үкіметтің ақшасы теңіз, ебін тауып жеңіз» саясаты бізді қайда апарады?

MASA.KZ. «Дәуіт ҚАРА ШОМФАЙ: ‘‘Едігенің басты қарсыласы қалмақ емес, Ақсақ Темір...’’» - «Мен «Едіге» жырында аты аталатын басқа жұрттарды арнайы зерттедім. Мәселен, «Қырымның қырық батырындағы» Едігенің жауы қалмақ деп аталады. Бірақ тексерсеңіз, Алтын орда дәуірінде қалмақ пен қазақ соғыспаған. Міне, қызықты жайт, айталық Едігенің басты қарсыласы Сәтемір ханды жыршы қалмақ деп таныстырады. Ал шын мәнінде Сәтемір маңғыт руынан шыққан нәсілі түркі, әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір емес пе?! Осындай тұсқа келгенде еуропалық көптеген ғалымдар қате пікір айтады. Қазақ эпосындағы қалмақты жоңғарлар деп ұғатындар бар арамызда. Бүкіл қазақ жырларында жаудың бар­лығы қалмақ деп айтылады, бұл шын мәнісінде фольклорлық санадағы типтік жау».

JANAOZEN.NET. «Алматы дипломатия орталығына айналады ма?» - Осыған дейін Алматыны өңірлік қаржы орталығына айналдырамыз, әлемнің ірі қаржы орталығы болады деген еді билік. Бірақ 2006 жылдан бері Алматы қаржы орталығына айнала алмады, тіпті, ол үшін ешқандай іс-шаралар қолданбады да. Азияның ірі қаржылық орталығына айналып, қалада ең ірі қаржылық компаниялар мен фирмалар, акция-облигациялар еркін айналымда болуы тиіс еді. Өңірлік қаржы орталығының академиясы мен рейтинг агенттігінің құрылғанынан басқа мардымды ешбір шаруа іске асырылған жоқ. Қазақстанның қор биржасы мен құнды қағаздарының әлемде бағасы өсіп, әлемдік қаржылық жүйенің құрамдас бөлігі бола алмады.

KAZBIN.KZ. ‘‘Әуезхан ДАРЫНОВ: «Қазақстан фермерлер одағының президенті: ШАРУАЛАР ТИІСТІ СУБСИДИЯСЫН АЛА АЛМАЙ ОТЫР»’’ - Бүгінгі таңда елімізде 200 мыңға жуық фермер бар. Дәлірек айтсақ - 194 мың. Олардың барлығының жағдайы керемет деп айта алмаймын. Өйткені, қазір мемлекеттік қолдау тек ірі холдингтерге ғана беріледі, шағын фермерлерге көмек жоқ. Оған себеп, шағын фермерлердің кепілге қоятын мүлкі жоқ, бар мүлкінің өзін «ескі, ештемеге жарамайды» деген сылтаумен кері қайтарылып жатады. Егер мемлекеттік қолдауды бәріне бірдей берсе, онда біз – фермерлер де Елбасы Жолдауындағы міндеттерді ойдағыдай іске асырар едік.

12 наурыз 2013, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.