AZATTYQ.ORG. «Қазақ мұнайы Қытайдың жұмырына жұқ болмайды» - Қазақстан Қытай үшін мұнай тасымалдаушы негізгі мемлекет болмағанымен, Қазақстандағы мұнай саласында Қытай маңызды рөл ойнап отыр. Биылғы қаңтар айының басында «ҚазТАГ» агенттігі Қазақстанның мұнай өндірісінде Қытай компанияларының үлесі 40 пайыздан асатынын, көп ұзамай елдегі мұнай табысының тең жартысы Пекинге тиесілі болатынын хабарлады. Бұл ақпарат сол күні-ақ таралып, қызу талқылана бастаған тұста «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы бұл хабарды «дұрыс емес» деп мәлімдеді.
«Әзербайжанға демократиялық өзгеріс жақындап қалды» - "Әзербайжанда жаңа медиатөңкеріс болып жатыр. Елдегі тоғыз миллионнан астам адамның бір миллиондайы қазір Facebook желісіне тіркелген. Зерттеулер көрсеткендей, олардың жеті пайызы екі жыл бұрын күн сайын интернетке кіре алатын. Биыл америкалық профессор Кэти Пирстің зерттеуі бойынша, бұл сан 11 пайызға артқан".
ALASHAINASY.KZ.«Адам капиталына инвестиция салуға неге құлықсызбыз?» - Жалпы, адам капиталының үлесі дамыған елдердегідей 70 пайыздан кем болмауы үшін, жұмысшы тек жегілген қара өгіз ретінде есептелмес үшін – оған әр ұйым, кәсіпорын инвестиция салуы тиіс. Қазір елді не алаңдатады? Баспана, еңбегіне сай жалақы. Осы екеудің түйінін сол жұмыс орнын ұсынып отырған ұйым шешсе, жұмыста да береке болары хақ. Айталық, Қарағандыда «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы «Қазмарганец» КБ-ы бұл ретте өзгеге өнеге бола алады. Бұл ұйым жұмысшыларын ынталандыруда, тіпті баспанамен қамтылуында өз мойнына алып отыр. Баспанасы бар, жалақысы еңбегіне сай адамға тек білек сыбана еңбек ету ғана қалмай ма?
AIKYN.KZ.«Қазақ жылқысынан артық жануар жер жүзінде жоқ» - 1916 жылға дейін Қазақстанда 4 млн 640 мың жылқы болыпты. Ал кейінгі соңғы жылдың деректеріне көз жүгіртсек, елімізде ұзын саны 1 миллион 600 мың жылқы бар. Әр жыл сайын бұған 4-5 пайыз жылқы қосылады. Бірақ жылқы малы көбейіп жатқан жоқ. Биыл қыстың қаттылығынан жылқы саны азайды. Себебі асыл тұқымды ақалтеке, дончан, т.б. тұқымдар өліп жатыр.
EGEMEN.KZ. «АҚШ: секвестрден соңғы сергелдең» - Сарапшылар экономикалық проблемаларына байланысты АҚШ-тың әлемдік аренадағы ұстанымының біртіндеп әлсірей бастайтынын айтады. Республикашылар мен демократтардың экономикалық проблемаларды бірлесе шешуге қабілетсіз болып шығулары мемлекеттік бюджеттің секвестріне амалсыз апарды. Осы орайда американистер, яғни осы елді зерттеуші ғалымдар Құрама Штаттардың экономикада айқын аңғарылып отырған қиындықтары әлемдегі қуатты мемлекеттердің жаңа позициясы түзілуіне апарып жеткізетінін мәлімдейді.
ALASHARENA.KZ.«Қанат Ислам: «Шаршы алаңға Құрманғазының «Адай» күйімен шығамын!» - «Кәсіпқой бокста барлық боксшылар шаршы алаңға шығар алдында өздерінің сүйікті әуенімен шығады. Міне, сол кезде мен де Құрманғазының «Адай» күйімен шығамын. Таза рухты шақыратын күй. Қазір бір соғыс басталып кететіндей сезінесің. Адамның тұла бойын шымырлатып, алдымдағы қарсыласымды шайнап жіберетіндей әсер аламын».
ABAI.KZ. «Өзбек иммигранттарының қазаққа айналуы мүмкін бе?» - Жоғарғы демографиялық өсім жұмыссыздық пен кедейшілікке де жанама септігін тигізіп отырғандықтан, халық тығыз қоныстанған Ферғана, экологиялық зардап шегіп отырған Қарақалпақстан территориясының тұрғындары негізінен сыртқа барып жұмыс істеуге, сонда тұрақтап қалуға тырысуда. Мемлекет те эмиграцияны халық өсімін азайтудың бір жолы ретінде және мүмкін басқа да «ішкі есептермен» оған кедергі болмауда. Ал, өзбек мигранттары Ресей, Қазақстан, Түркия, Араб елдері, Оңтүстік Корея мен Батыс елдеріне дейін тарап жатыр. Әйтседе Өзбекстаннан келген иммигранттардың негізгі шоғарын Ресей мен Қазақстанның қабылдап отырғаны жасырын емес.
SERKE.ORG.«Оппозиция ұрыс-керіске дайын отыр» - Кедендік одақтан шығу, Еуразиялық одаққа кірмеу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу мәселесі оппозиция лидерлері арасындағы ұрыс-керіске себепші болады. Мұның арты саяси абициясы басым топтардың бір-біріне қарсы артық ауыз сөз айтып, айыптауына, бірі екіншісінің беделін түсіретін компроматтар жариялауына ұласуы мүмкін. Бұл жаман үрдістің ұшқыны қазірдің өзінде көрініп тұр.
ZHASALASH.KZ. «Шабдарбаев неден жазықты болды?» - “Аман Шабдарбаев – қалыпқа сыя бермейтiн тұлға. Аюбаев пен Садықұловтан айырмашылығы осы. Шабдарбаевтың Дiнмұхамед Қонаевтың қауiпсiздiгiн қорғағанын есепке алыңыз. Назарбаевтың алдындағы оның бiр “минусы” осы. Және де Шабдарбаев Димекеңмен қызметтес болғанын ешқашан жасырған емес. Керiсiнше, сұхбаттарында мұны ашық мәлiмдеп жүрдi. Мұнысы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұнамайтыны екiбастан. Әйтпесе, қызметi жөнiнен Шабдарбаевқа мiн тағу қиын. Қазақстанда ұлттық қауiпсiздiк пен мемлекет басшыларының жеке қауiпсiздiгi мәселесiн Шабдарбаевтан артық бiлетiн адам кемде-кем.
«АҚШ президентiн “сайтан” деп атаған Чавес көз жұмды» - Сарапшылардың пiкiрiнше, Уго Чавестiң қазасы Ресей президентi Владимир Путинге ауыр тиюi мүмкiн. Өйткенi Чавес АҚШ-ты “жауым” деп мәлiмдеп, Ресейдi “досым” деген. Ресейдiң “досы” комендантенiң көзi кеттi, ендi Латын Америкасындағы ресейлiк компаниялар қорғансыздың күйiн кешiп, АҚШ компаниялары орыстарды ысырып шығаруы ғажап емес. Өйткенi соңғы жылдары Каракас (Венесуэланың астанасы – Е.Б.) Ресей үшiн Латын Америкасындағы аса маңызды тетiкке айналған-ды. Ал АҚШ-қа бұл тiптi ұнамайтын. Ресей Венесуэланың мұнай кенiштерiне 20 миллиард долларға жуық инвестиция салуды көздеп, алғашқы тамшы мұнайды өндiре бастаған. Сарапшылар айтқандай, Путиннiң ұйқысын қашыратын жайт осы болса керек.
«Ақтауда АЭС салуға халық жол бермеуге тиiс» - Қазақ елiнiң шығысы, солтүстiгi мен орталық аймақтары полигонның, ал оңтүстiгi уранның зардабынан бүгiнге дейiн көз ашпай отыр. Экологиялық апатты аймақтарға жататын бұл өңiрлерде емi жоқ дертке шалдыққандар, кемтар бала-шаға мен түсiк тастаған аналардың саны артпаса кемiген емес. Соған қарамастан, бiздiң билiктегiлер АЭС саламыз деп әлдекiмнiң сойылын соғуды тоқтатар емес. Бар айтар сылтауы – электр қуатының тапшылығын болдырмау мақсатында станса салмақ. Ең қауiптiсi сол, бiздегi АЭС-тi ресейлiк мамандар салады.
NAMYS.KZ. «Дос Көшім: "Ұлттық мемлекет құрмайынша, қазақтың жағдайы жақсармайды"» - "Айталық: ауылдың қазағы қала маңынан 10 сотық жер алып үй салып алуына құқы болмаса, тәуелсіздіктің қандай пайдасы бар? Шын мәнісінде осылай. Мысалы, Алматы төңірегінен ұлтарақтай жер алуға қазақтың құқы жоқ. Өйткені, барлық жер жеке адамдардың қолына өтіп кеткен. Қазақ қайтпек, бір жаққа көшіп кете ме, жоқ. Басқа жерде тағы бір «Қазақстаны» бар ма? Жоқ. Енді қайтеді? Ұлтарақтай жер үшін шайқасады. Басқа амал жоқ. Осыған биліктің өзі итермелеп әкеле жатыр".