Атырау, 27 желтоқсан 05:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Ақ Жайыққа» - 20 жыл

3 623 просмотра

1991 жылы 16 наурызда өзге қаланың баспаханасынан басылған ақ-қара түсті 4 беттік біздің газетіміздің алғашқы нөмірі сол кездегі «Компаньон» деген атаумен Гурьев шаһарында қолға тиген болатын. Алғашқы парағымыз көптеген қиындықтармен шықты және аймаққа тұрақты таралмаған да еді. Бүгінгі жастар осыдан 20 жыл бұрын республиканың көптеген аймақтарында бірде-бір жеке БАҚ болмады дегенге сенбес те еді. Ескі ұшақтың қанатымен ұшып келген біздің газетіміз тәуелсіз баспасөздің алғашқы қарлығашы болды. Дәлірек айтар болсақ, сол кездегі Қазақ КСР-ның 4 батыс облысындағы алғашқылардың бірегейі деуге болады.

«Ақ Жайық» газетінің күнтізбелік мерейтойы бүгін тағы бір атаулы мерекемен тұспа-тұс келді. Бүгін сіздер газетіміздің 1000-шы нөмірімен қауышып отырсыздар. Осы жазда өзіміздің баспаханамыздың іске қосылғанына 15 жыл толады. Алайда, техникалық прогресс бір орында тұрмайды. Айталық, таяуда ғана іске қосылған біздің жаңа Интернет-сайт қолданушылар үшін қолайлы және сапалы сервистік қызмет көрсету жағынан тағы да республикадағы алғашқылардың қатарына шықты.

Барша оқырмандарымыз бен жарнама берушілерге көп жыл бойына қолдау көрсеткендері үшін, оның ішінде біздің таратушыларымыз бен пошташыларымызға айрықша алғысымызды білдіреміз. Бір кездегі  4 беттік газетіміздің парақтары жылдан-жылға көбейіп, еліміздегі салмақты аймақтық басылымға айналғаны дәл осы жандарға мәлім. «Ақ Жайықтың» тиражына қоса, қазақ тіліндегі нұсқасы мен оның жалғамасы «Жайық самалы» да күн өткен сайын бірге өркендеп келеді.

Уақыт көші жылжып барады, алайда, біздің айналамызда қандай өзгерістер орын алып жатса да бір кездері редакторымыз Сабыр Қайырхановтың айтқанындай, газетіміздің ұстанымы қаз-қалпында қала бермек: «Билік өз қолында билігі болғаны үшін мықты, оның өзінің бұқаралық ақпарат құралдарымен қоса, барлық басқару тетігі бар. Сондықтан біз қашанда,  қандай жағдайда болмасын, тіпті, оны билік түсінбеген немесе түсінгісі келмесе де  әлсіздер жағында болуға тиістіміз».

Қарапайым ғана идея үшін - халыққа нақты ақпарат ұсынуды және көпшіліктің ашық пікірталасқа қатысуына тең мүмкіндік беруді - біз осыдан 20 жыл бұрын бастаған едік. Содан бері сіздермен біргеміз. Ендеше, қымбатты оқырмандар, ортақ мерекеміз құтты болсын!

Әбділда МҰҚАШЕВ, «Ақ Жайық» ЖШС төрағасы

17 наурыз 2011, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.