Атырау, 13 желтоқсан 23:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Департамент бастығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

5 705 просмотра

Сотталушы Сергей Корнегруцаның түрмеден қашу ісін егжей-тегжейлі тергеу ісі жалғасуда («АЖ» № 44, «Прокурорға қашқынның «сыңарын» көрсеткен» жарияланымын қараңыз). Дүйсенбі күні тағы бір тұлға – Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВ  қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге салайық, «Жалған кәсіпкерлік» бабы бойынша сотталған Молдавия азаматы Сергей Корнегруца Атыраудағы колонияда төрт жылдық жазасын өтеп жатқан еді. Маңғыстау облысында оны, яғни, «Казполмунай» ЖШС-нің бұрынғы директорын өткен жылдың қазан айында «21 миллиард 675 миллион теңге сомасында заңсыз түрде табыс тауып, магистральды газ және мұнай құбырларын лицензиясыз пайдалануды жүзеге асыруда» кінәлі деп тауып, соттаған болатын.  

С.Корнегруца колония қабырғасын қазан айының ортасына өз еркімен тастап шыққан және кейбір мәліметтер бойынша ол отанына аман есен жеткен көрінеді. Қазіргі кезде оған ресми түрде іздеу жарияланды. Әлдебіреудің зэкке жайбарақат кетіп қалуға мүмкіндік берілгенін, бұған ҚАЖД-нің басшы қызметкерлерінің қатысы бар екенін ҚР Бас прокуратурасына хабарлап, ол жақтан тексеру жіберуге түрткі болғандығынан жағдайдың жанжалды іс екендігін білуге болады. Атырауға келген комиссия тұтқынды көрсетуді талап етеді. ҚАЖД қызметкерлері кетіп қалған Сергей Корнегруцаға ұқсайтын адамды іздеп тауып, астаналық тексерушілерге көрсетеді. Бастапқыда бұл қулық іске асқанымен, кейіннен прокуратура жалғандық фактісін әшкерелейді. 

Нәтижесінде қадағалау органы Қылмыстық кодекстің төрт бірдей – «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану», «Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану», «Қызметтегі әрекетсіздік» және «Бас бостандығын айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару» деп аталатын баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ең алдымен Корнегруцаның «сыңарын» іздеп тапқан колонияның қызметкерін, содан соң колония бастығы Берік ЕСМАҒАМБЕТОВТІ қамауға алды. Енді бас прокуратураның қызметкерлері облыстық ҚАЖД басшысы Марат Дәулетовті де қылмыстық жауапкершілікке тартты. Іс бас прокуратураның бақылауымен тергеліп жатқан болатын. Шамасы, прокурорлардың, тікелей мағынада айтқанда, түрмеден ешкім қашпаған, Корнегруцаны жібере салған деп жорамалдауға барлық негіздері бар секілді. Әрине, оны әдемілігі үшін жібере салмағаны анық... Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін сот Дәулетовке қатысты тиым салу шараларын алу (қамауға алу, басқа жаққа кетпеу туралы қолхат, кепілдік беру және т.б.) туралы мәселені шешуі тиіс.  

Облыстық прокуратурадағылар астаналық басшылықтың өте наразы екендігін желеу етіп, ресми комментарий беруден бас тартты. Бұл оқиға туралы «Ақ Жайық» бетінде жоғарыда аталған «Прокурорға қашқынның «сыңарын» көрсеткен» материалы алғаш жарияланғаннан кейін жергілікті прокуратураға тергеу ісі аяқталғанша ақпарат беруге тиым салыпты-мыс.

Тергеуге қатысты осыншама қатаң бақылаудың болуын, шамасы, өткен жылдың сәуір айында орын алған бүлікті және билікті басып алу әрекеттерін Корнегруца мен оның молдавиялық-румындық АСКОМ компаниясындағы басшылары қаржыландырды деген ресми Кишиневтің айып тағуымен түсіндіруге болатын шығар.   

Лев ГУЗИКОВ

9 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.