AZATTYQ.ORG. «Иранның қатал жазасына ауғандар наразы» - Есірткі тасыған 10 ауған Иранда дарға асылды. Олардың туыстары Ауғанстан үкіметін «есірткі саудасын қолдайды, ал халық кедейліктің кесірінен есірткі сатып кетті» деп айыптайды.
ALASHAINASY.KZ. «Жаңа дағдарысқа қарсы күресте тағы да мұнайға сенеміз бе?» - «Ортамерзімді кезеңге арналған болжам туралы сөз қозғайтын болсақ, Қазақстан өніміне сыртқы сұраныс сақталады, сондай-ақ инвестициялар өседі. Қашаған кен орнын игеруді бастаумен байланысты, мұнай өндірісінің көлемі, болжам бойынша 2013 жылы 82 млн тоннадан 2017 жылы 102 млн тоннаға артады. Осыған қарамастан өңдеу өнеркәсібінің озық өсуі болжамдалады: бес жылда өңдеу өнеркәсібі – 41%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі 25%-ға артады»
‘‘«Таблиғи Жамағат» ұйымының басты белгілерін білесіз бе?’’ - Енді еліміз үшін әлемнің 150 елінде қанатын кеңге жайған, 70-80 млн-ға жуық мүшесі бар «Таблиғи Жамағат» ағымы экстремистік ұйым болып есептеледі. Бірақ біз осы ағымның немен айналысатынын, өзгелерден қандай айырмашылығы бар екенін білеміз бе? Жоқ. Сол себепті де Үндістанның Кандаһла штатының Саһарнуфур деген жерінде дүниеге келген Мұхаммед Ілияс әл Кандаһлауи (1885-1944) іргетасын қалаған таблиғ жамағатының басты ерекшеліктерін айқындап, ол жолдан бұқараны сақтандыру һәм қоғамдық пікір туғызу мақсатында көзбен көрген жайларды оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.
AIKYN.KZ. «Талант тың жоқтығынан емес, талғамның жоқтығынан оңбай отырмыз» - Жақында Қарағанды облысының Нұра ауданында С.Сейфуллинге қойылған ескерткіш туралы «Ц.А.Монитор» газеті жазыпты. Ішінде бәрібар, ал кім жасағаны жоқ. Осының өзі-ақ бейнелеу өнеріне деген, суретшіге деген көзқарастың айқын көрінісі. Ашығын айтсақ, бұл– суретшіні қорлау. Адам қатарына қоспау. Қоғамдағы орны басқа өнер адамдарына қарағанда төмен тұрғандығының айғағы.
YVISION.KZ. «Ә.Бөкейхан: Дін таласы» - Кеше, яғни 5 наурыз күні қазақтың тұңғыш үкімет басшысы болған Әлихан Бөкейханның туған күні. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 147 жылдың жүзі толып отыр. Айдарымыздың бүгінгі материалында Ә.Бөкейханның шығармасын ұсынамыз.
EGEMEN.KZ. «Лаңкестік – зұлымдықтың жабайы түрі» - Сарапшылар өздерінің жасаған талдауларында терроризм жаһандық проблема екендігін, жыл өткен сайын ол халықаралық сипат алып бара жатқандығын атап өткен. Сондай-ақ онда терроризм мен экстремизм көріністері жиі кездесетін елдердің де тізімі берілген. Тізімді Ирак, Пәкстан және Иран елдері бастап тұр. Ал 2002-2011 жылдар аралығында жасалған террорлық әрекеттердің 35 пайызы Ирак пен Ауғанстан мемлекеттерінің аумағында жүзеге асырылыпты. Мәліметтерге қарағанда, террористік шабуылдар 2006-2007 жылдары «шарықтау шегіне» жетіп, жиі көрініс берген. Одан кейінгі жылдары оның төмендеуі байқалған, бірақ терроризмнің қауіп-қатері жоғары деп бағаланған.
HALYKSOZI.KZ. ‘‘Азамат ӘБІЛДАЕВ: «Олигархтар өзіне керегін үкімет арқылы шешеді, ал біздер оған қалай дауыс бергенімізді байқамай қаламыз»’’ – «Бірде мен әріптестеріме: «олигархтарға бір нәрсе керек болса, олар үкіметтің басшысына шығып, сол жақтан өздеріне қажетті дүниені жаздырып алады. Ал сол заң жобасы бізге келіп түскен кезде, қалай дауыс бергенімізді өзіміз де байқамай қаламыз» деген едім. Кейбір олигархтардың мекемелерінің қақпасынан салық инспекторлары түгілі, әкімдер кіре алмайды».
MASA.KZ.«Ұсталмаған ұры немесе 10 миллиардтың жауабын кім береді?» - Қазақта «Не көрген алады, не көмген алады» немесе «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» деген сөз бар. Біздің билік он миллиард үшін «сен ұрладың» деп маңдайының соры бес елі жазықсыз біреуді түрмеге жабуы да ғажап емес.
BAQ.KZ. «Н.Назарбаев Кеден одағының тауарлы рыноктарына жүйелі талдау жүргізуді тапсырды» - Мемлекет басшысы тауарлы рыноктарға, атап айтқанда шекаралас аумақтарға жан-жақты талдау жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
«Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаевтың жекпе-жегі, 1997 жыл (ВИДЕО)» - Қазақстан - әлемдегі ірі бокс державаларының бірі екендігі сөзсіз. Әлемдік деңгейде өтетін байрақты бәсекелерден біздің боксшыларымыз ешқашан құралақан қайтқан емес. Үнемі ел намысын абыроймен қорғап келеді.
ZHASALASH.KZ. «Қым-қиғаш қысқарту “Қазақмыстың” керi кеткенiн көрсетедi» - Бұл алдын ала ақылдасылған шаруа ма, әлде кездейсоқтық па, былтыр 31 мамырда табиғаты тамырлас қос бұйрық шықты. Қарағандыда “Қазақмыстың” бас операциялық директоры С.Дьяченко “Жезқазғантүстiмет” ӨБ құрамында қызметкерлердiң штаттық бiрлiгiн қысқарту туралы” №943 “к” бұйрығына, ал Жезқазғанда “Жезқазғантүстiмет” ӨБ бас директоры Ғ.Ахбетов “Қызметтердi қысқарту туралы” №493 “к” бұйрығына қол қойды. Бас операциялық директор 25 қызмет орнын “отап” жiберген. Қызметiнен қағылғандар (“қуылғандар” десе де болады) тамызға дейiн қам қылу керектiгiн айтыпты. Қызметiнен кететiндердiң қатарында осалы жоқ, ең төменгiсi — бөлiм бастығы.
SERKE.ORG. «Діни басқармадағы «сұр кардиналдар». Қайрат Жолдыбайдың жолы бола ма?» - Семейлік өкіл имам Ержан Маямеровтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы әрі Бас мүфти болып сайлануы түрлі болжам айтуға себепші болып тұр. Ондағы айтылатын негізгі ой мынаған саяды: жаңа төраға бұрынғы бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі сияқты «қуыршақ» фигура, ол Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, наиб-мүфти (бас мүфтидің орынбасары) Қайрат Жолдыбайдың айтқанына көніп, соның айдауымен жүреді. Ержан Маямеровты бас мүфти етіп сайлау тікелей Қайрат Жолдыбайдың қалауымен жасалды. Мұны кейбіреулер Ресейдегі саясатпен салыстырып, Е.Маямеровты Д.Медведевке, ал Қ.Жолдыбайды В.Путинге теңеп те жатыр.
AIKAP.KZ. «Қазақ тіліне қажеттілік пен мұқтаждық тудыру - кезек күттірмейтін іс.» - 28 жасында қазақ елінің премьер-министрі лауазымында қызмет атқарған, қазақтың біртуар ұлы Сәкен Сейфуллиннің сол замандағы қазақ мүддесі мен тіліне байланысты мына сөздерін оқып отырып, таң қалмасқа шарамыз жоқ. Себебі 100 жыл бұрын айтқаны бүгінгі күнде де өзекті, демек, 100 жыл болды: қандай болдық, сондай болып қалып барамыз.
JANAOZEN.NET. «ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР КҮТІП ТҰР» - Бүгінгі таңда Ақорданың тапсырысымен Қазақстан туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі жарнамалық мадақтама материалдар жиілеп кетті. Алайда, шетелдік беделді басылымдар мен сарапшылар бұл үрдісті елдегі саяси биліктің тығырыққа тірелгені, мемлекет басшысының дәрменсіздігі ретінде бағалауда. Төменде Қазақстанда қалыптасқан саяси жүйе мен оның салдары жайлы жазылған шетел баспасөзіне шолу жасап көрген едік.
«ҮКІМЕТ ХАЛЫҚТЫ 115 ТЕҢГЕМЕН «ЖАРЫЛҚАДЫ» - Статистика агенттігі Қазақстандағы ақпан айындағы күн көріс минимумын жариялады. қазақстан халқы енді 17 мың 96 теңгеге тамақтанып, өмір сүруі тиіс. Қымбатшылық белең алған тұста, 17 мың теңге 17 миллион халықты қарық ете алады ма?
«ҰҚҚ жеке киімдер мен стақан-қасықтарды ұрлады ма?» - «Редакцияның мүлкі мен жеке киімдерімізді, стақан-қасықтарымызды қайтарыңыздар!». Бүгін Ұлттық баспасөз клубында «Стан» телекомпаниясының ұжымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңсыз тінту барысында тәркіленген техника мен жеке заттарын қайтаруын талап етті. Баспасөз жиынына компанияның құрылтайшылары, продюсерлері мен қызметкерлері қатысып, өз қарсылықтарын білдірді.