Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өңделген өнім қауіпті емес

3 387 просмотра

Қалалық әкімдік мал соятын «АсылАгро» ЖШС цехымен бруцеллезге шалдыққан малды союды ұйымдастыру туралы келісім-шартқа отырды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА хабарлады.

Өткен жылы індет облыстың барлық аудандарында тіркелген болатын. Бұл облыс орталығының селолық округтерін де айналып өтпеді. Қала маңындағы барлық ірі қарадан (9,5 мың) 134 ауру сиыр анықталған. Олардың барлығы «Асыл-Агро» ЖШС-нің цехында сойылды.

Бруцеллез таяқшасын жұқтырған малдың етін жеткілікті термикалық өңдеген кезде оның қауіпті болмайтынын атап өткен жөн. Мал союшылардың өздері ауруды жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан келісім-шарт мақсаты – ауру сиырларды қорада сою мүмкіндігін болдырмау.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 наурыз 2011, 21:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.