Атырау, 26 қараша 06:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жиналып қалған мазут салдарынан АМӨЗ қуаттылығы екі есе азайды

4 805 просмотра

АМӨЗ-де жағатын мазуттар жиналып, толып қалыпты. Неліктен? Бұл туралы «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат БАЙТАЗИЕВТЕН сұраған едік.

- Қай уақыттан бері мазутты жөнелту тоқтатылды? Бұған оның сапасының төмендігі себеп болған жоқ па?  

- Оны тиеу ақпан айының ортасында азайды (бірақ тоқтатылған жоқ). Себеп – жеткізу орындарындағы (Украина мен Балтық жағалауы елдері) ауа-райы салдарынан вагон айналымының баяулауы. Сапасына келер болсақ, біздің мазутымызға қатысты мәселе ешқашан туындаған жоқ, оның 95 пайызы экспортқа жіберіледі. М-100 маркалы мазут халықаралық ГОСТ 10585-99 стандартымен қатаң сәйкестікте шығарылады. Қазақстанның өзінде мазутқа сұраныс тек қысқы уақытта жылыту мақсатында туындайды. Зауыт өз міндеттемесін толықтай орындап отыр.

- Резервуарлық парктің толып қалуына байланысты зауыттың қандай қондырғысындағы жұмыстар тоқтатылды? Бұл қаңтар-ақпан айындағы зауыттың өндірістік көрсеткіштеріне қалай әсер етті?

- 18 ақпанда ЭЛОУ-АВТ-2 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы тоқтатылды. Қалған басқа қондырғылардың өнімділігі азайтылды. Тікелей әкелінетін шикізаттың жетіспеу салдарынан ЛГ-35-11/300-95 каталитикалық риформинг қондырғысының және аралас ГБД қондырғысының бензинді блогының өндірістік қуаттылығы 50 пайызға азайтылды. Риформинг блогының кем жүктелуіне байланысты КУ ГБД дизельдік секциясына түсетін құрамында сутегі бар газды өндіру азайтылды.

Алайда өндірістік көрсеткіштерге бұл әсер еткен жоқ. Жоспар бойынша қаңтар-ақпан айларында зауыт 630 мың тонна мұнай өңдеуі тиіс болатын, бірақ 680,1 мың тонна өңдеп шығарды. 96,9 мың тонна жоспар бойынша. 104 мың тонна автомобиль бензині, 166,8 мың тонна жоспардың орнына 171 мың тонна дизель отыны, 12 мың жоспар бойынша 24,3 мың тонна пеш отыны, 177,1 мың жоспар бойынша 275,6 мың тонна мазут өндірілді.

- Мұнай өнімдерін, атап айтқанда мазутты сақтау бойынша зауыттың шектеулі мүмкіндіктері қандай?

- Бізде мұнай өнімдерін уақытша сақтау үшін түрлі көлемдегі резервуарлардың белгілі бір мөлшері бар. Мазутты уақытша сақтаудың жоғарғы нормасы – 130 мың тонна. Одан асып кетуі мүмкін емес, өйткені сақтайтын орын жоқ. Нағыз болмаған жағдайда мұнайды бастапқы өңдейтін технологиялық қондырғы жұмыстары тоқтатылады. Сондықтан уақытында мазуттың тиелмеуі

өрт қаупін тудырмайды.   

- Ахуал қашан қалпына келеді?

- Шамамен наурыздың үшінші онкүндігінде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 наурыз 2011, 01:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.