Атырау, 11 желтоқсан 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Рахат Әлиев неге үндемейдi? Виктор Дариға мен Тимурға тиiсе бердi. Тәжин тізімін жасап алғандар, мәселенің мәнісіне бара алмай жүр. Мен заманды адам билесе деп армандай­мын. Түркия үшін Ресейге қарағанда Әзірбайжан тиімдірек.

1 849 просмотра

BAQ.KZ - «Заң науқас адамның жағында...» - Заң бойынша жұмыс беруші ауруханадағы адамды жұмыстан шығаруға қақысы жоқ. Барлық шешімді науқас емдеу мекемесінен оралғаннан кейін ғана қабылдай алады. Дегенмен, заң заң да, шынайы өмірдің жағдайы басқа. Мұның жалпы еңбек өнімділігіне зиян тигізетіні бар. Жұмыс беруші жиі ауыратын қызметкерлерінен құтылғысы келеді.

MUSLIM.KZ. «Шевченко: Молданың немесе священниктің қайда оқығанын емес, олардың көзқарасын білу керек» - «Шетелден оқып келген адамды дін қызметкері ретінде жұмысқа алуға салынған тыйым барлық діндерге қатысты. Соның ішінде, Ресейдің көптеген аймағында ықпалы күшейіп келе жатқан протестанттық жамағатқа да қатысы бар», – деп есептейді Шевченко.

«Сарапшы: Түркия үшін Ресейге қарағанда Әзірбайжан тиімдірек» - Солтүстік Ирак пен Жерорта теңізінің шығыс бөлігін қамтып жатқан геосаяси аймақта энергетикаға қатысты басты ойыншы болу үшін Түркияның барлық мүмкіндігі бар. Керек десеңіз, бұл аймақта Түркияның алдына түсетін ел жоқ болғандықтан өз ойын ережесін жүргізе алады.

ALASHAINASY.KZ. «Бір адамның дене мүшесін траснплантациялау арқылы жеті адамды құтқарып қалуға болады» - Халық арасында жүрек аурулары етек алып барады. Медицина дамып, ғы­лым­ның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз етіліп отырса да, кейбір жүрек ауруларын ауыздықтай алмай отыр. Бұл кезде кө­мекке жүгінер жалғыз жол – жүрек транс­плантациясы. Жалпы, трансплантация – ме­дицинаның өте күрделі саласы. Транс­план­тацияға қол жеткізе отырып, өз елі­міз­де медицинаның қаншалықты деңгей­де да­мығанын көрсете аламыз.

«Мен заманды адам билесе деп армандай­мын» - «Айгөлек» журналының бас редакторы, ҚР мәдениет қайраткері Қымбат Әбілдәқызымен сұхбат.

AZATTYQ.ORG. «Қоғамдық ұйым «саяси тұтқындар» халін бақыламақ» - «Арқа сүйеу» қоғамдық қоры "саяси көзқарасы үшін қамауда отырған" белсенділердің ахуалына мониторинг жасауды саясаткер Владимир Козловтан бастапты.

"Ядролық отын банкі салынбайды" деп хабарланды» - Қазақстанда МАГАТЭ-нің Үлбі зауыты негізінде банк салудан бас тартқаны туралы хабар тарады. Халықаралық агенттік бұл ақпаратты теріске шығарды.

HALYKSOZI.KZ. «Вакцина – дәрі ме, у ма? Немесе екпенің жақсысы ауру қоспағаны» - «Вакциналардың тиімділігі 50 пайыздан аспайды деп шамалауға болады. Екпе табиғи иммунитетті бұзады. Екпе салғаннан кейін де балалардың ауырып немесе басқа да ауруларға душар болатыны осыны көрсетеді».

«"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?» - Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин.

ZHEBE.COM. «Тәжин тізімін жасап алғандар, мәселенің мәнісіне бара алмай жүр» - Белгілі  саясаттанушы, «НұрОтан»  партиясының хатшысы Ерлан Қарин осындай пікірде. Саясаттанушы  интернетте пайда болған «Тәжин тізімі» туралы ойларға келіспейтіндігін айтты.

ZHASALASH.KZ. «Рахат Әлиев неге үндемейдi?» - Жақында Республика порталы Қазақстанның құпия қызметi Еуропада арнайы операция жүргiзгенiн жазды. Порталдың жазуына сенсек, Әлиевтiң өлi-тiрiсi белгiсiз. Бiрақ Әлиевке қарсы операцияға қатысқан ҰҚК қызметкерлерi марапатталыпты-мыс.

«Виктор Дариға мен Тимурға тиiсе бердi» - “2001 жылы президентке қарсы қастандық жасамақ бол­ғандардың белортасында – Дариға Назарбаева жүрдi”, – дейдi Алматының экс-әкiмi Виктор Храпунов “К-плюс” арнасына берген кезектi сұхбатында. Бұл жолы Тимур Құлыбаевты да iле кеттi. Айтуынша, ортаншы күйеубала Әблязовтi түрмеге тоғытуды президенттiң үлкен қателiгiне балапты. “Ал Әблязовтi тұқыртудың орнына оны түрмеден босатып жiберудi Құлыбаев Н.Назарбаевтың екiншi қателiгi деп көрсеттi”, – дейдi экс-әкiм.

AIKYN.KZ. ««Алтын уақыт»: дер кезінде көмек бере аламыз ба?» - Қапылыста ауыр жарақат алып, өмір мен өлім арасында жатқан адамға алғашқы 60 минутта көмек көрсетілсе, оның жанын арашалап қалуға мүмкіндік мол. Бұл кезең медицинада «алтын уақыт» (золотой час) деп аталады. Өйткені адам ағзасының табиғаты сондай, байқаусызда ауыр жарақат алып қалса, негізгі функцияларының қызметін бір сағат көлемінде тұрақты ұстап тұра алады.

«10 пайызбен зейнетақы жинау мүмкін бе?» - Бас қаржыгердің көңіліне маза бермей тұрған мәселелердің бірі – әлдеқандай жағдай бола қалып, бюджет тапшылығын жабу үшін немесе қандай да бір жобаларды қаржыландыруға болашақ Үкіметке ақша қажет болып, соған болашақ зей­неткерлердің қаржысын салатындай қы­зығушылық туындап қалуы да ғажап емес­тігі.

27 ақпан 2013, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.