Атырау, 18 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қаңтармен салыстырғанда базарлар мен супермаркеттердегі бағалар қандай

Сурет
3 398 просмотра

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің екінші тоқсанға арналған шекті бағасы белгіленді. Ауыл шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, азық-түліктің 11 түрінің бағасы өткен тоқсанмен салыстырғанда арзансыған.

«Екінші тоқсанға белгіленген шекті бағада нан - 5,8 пайызға, макарон өнімдері - 34,5 пайызға, қарақұмық - 29,3 пайызға, күріш - 32,1 пайызға, сиыр еті - 0,2 пайызға, сүзбе - 2,8 пайызға, жұмыртқа -20,6 пайызға, өсімдік майы - 6,1 пайызға, сары май - 1,9 пайызға, пияз - 9,8 пайызға, қырыққабат - 2,3 пайызға арзандады», - делінген басқарманың ресми жауабында.

Ал бүгінгі баға қандай?

Нан – «Дина» базарында - 105, «Лидерде» - 80, «Сарайшықта» - 110, «Маркода» - 85 теңге;

«Моё» сүті, 2,5% - «Динада» 500 теңге, «Сарайшықта» - 500, «Маркода» - 481;

«Шедевр» өсімдік майы – «Динада» 1000 теңге, «Сарайшықта» – 900, «Маркода» - 815;

Құмшекер – «Динада» 500 теңге, «Маркода» – 349, «Лидер» мен «Сарайшықта» жоқ;

Жұмыртқа С1 – «Динада» 40 теңге, «Лидерде» - 34, «Сарайшықта» - 38, «Маркода» - 34;

Күріш – «Динада» 500 теңге, «Лидерде» - 289, «Сарайшықта» - 350, «Маркода» – 305;

Тауықтың сан еті - «Динада» 1200 теңге, «Лидерде» - 921, «Маркода» - 846, «Сарайшықта» жоқ;

Сиыр еті - «Динада» 2300, «Сарайшықта» – 2400, «Маркода» – 2500 теңге;

Картоп - «Динада» - 250-280, «Лидерде» – 225, «Сарайшықта» - 250, «Маркода» 230 теңге;

Пияз - «Динада» 200 теңге, «Сарайшықта» – 150, «Маркода» - 92;

Қырыққабат - «Динада» 350, «Лидерде» - 295, «Сарайшықта» - 350, «Маркода» – 320 теңге;

Сәбіз - «Динада» 280, «Лидерде» - 218, «Сарайшықта» - 250, «Маркода» - 195 теңге.

Оқырман қазіргі бағаны қаңтардағы бағамен салыстырып көре алады. 

Ет бағасының қымбаттауын «Сарайшық» базарындағы сатушылардың бірі биыл орынақының қымбаттағанымен, оған қоса Батыс Қазақстаннан келетін ет бағасының өскенімен байланыстырды.

Ал, тауық етінің қымбаттауына қатысты ауыл шаруашылығы басқармасы тауық етінің басым бөлігі Ресейден тасымалданатынын мәлімдеді.

- Бағаны тұрақтандыру мақсатында еліміздің басқа өңірлерінен - Ақмола, Алматы, Қостанай, Орал, Ақтөбе облыстарынан тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, «Айналым схемасы» арқылы кәсіпкерлік субъектісі «JCS-сorporaition» ЖШС-на 200 млн теңге сиыр және құс еттерінің бағасын тұрақтандыруға бөлінді. ЖШС 10 сауда-саттық нүктелерінде бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асырмай сатуда, - деп жауап берді ауыл шаруашылығы басқармасы.

Ал облыстағы қант тапшылығына байланысты «Атырау» ӘКК Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру департаментінің директоры Дмитрий ДЮ былайша түсініктеме берді: «Атырау облысына 3 вагон қант жолда келе жатыр. Қосымша тағы 2 вагон қантқа тапсырыс берілді, ол сәуір айында жеткізіледі. Жалпы Атырау облысының ай сайынғы қант тұтынуы әдетте 1 вагон болып есептеледі. Алайда дүрбелең салдарынан дүкендерде қанттың жетіспеуіне байланысты 2 вагон қант қаладағы супермаркеттерге таратылып беріледі».

Айта кетейік, былтыр мамыр айынан бері Атырау облысында қант әлеуметтік маңызы бар тауар тізімінен алынып тасталған. Биыл оны қайтадан осы тізімге қосу жоспарланып отыр.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

15 наурыз 2022, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.