Атырау, 25 сәуір 21:56
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Базарлар мен супермаркеттерде бағалар қандай

2 638 просмотра

Әлеуметтік желіде соңғы кездері азық-түліктің едәуір қымбаттап кеткені туралы шағым көп. «АЖ» тілшісі Атырау бұл көріністі, атап айтқанда, супермаркет пен базарлардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын салыстырып көрді.

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы Байзардағы «Maрко» гипермаркетінде 85 теңге, «Лидерде» - 98, «Көктем», «Дина» базарларында 105 теңгеден сатылуда.

Сиыр етінің (жауырын-төс бөлігі) бағасы «Маркодан» басқа жерде 2200 теңгеден, «Маркода» 2350 теңге.

С1 жұмыртқасының 10 данасы «Сарайшық» базарында 380, «Анвар» супермаркетінде 389, «Маркода» 390, «Дина» базарында 400 теңге, «Көктем» базарында 410 теңгеден сатылуда.


Картоп бағасы - «Маркода» 230, «Сарайшықта» 250, «Лидерде» 252 теңге, «Динада» 240-280, «Көктемде» 250-280 теңге.

Тұрақтандыру қорының бағаларымен салыстырғанда «картоптың бағасы неліктен қымбат?» деп «Дина» базарындағы сатушылардың бірінен сұрадым.

- Біздің бағаны тұрақтандыру қорымен салыстыруға келмейді. Олар жергілікті өнім, үкіметтің бағасы. Мен Қарағандыдан, Астараханнан келген картопты бөлшек саудада сатамын. Араға бірнеше делдал қосылғаннан кейін баға айырмасы болады, - дейді сатушы. - Бір жақсысы менің картобым ірі, таза және шіріген қалдық қалмайды. Осынын алдында арзан картоп сатып, қалдықтар көп қалып, әзер саттық, қалдығын лақтыруға тура келді. Бағасына лайық болса, қымбатқа да алатындар бар.  

Тұрақтандыру қорының өнімдеріне келетін болсақ, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 80-82 теңге, сиыр еті (жауырын-төс бөлігі) 1853, он дана С1 жұмыртқасы 360 теңге, картоп 185 теңге. Көкөніс өнімдері «Дина», «Сарайшық», «Насиха», «Көктем» базарларында сатылады. Бағалары арнайы сары түсті тақтада жазылған. Тұрақтандыру қорынан басқа азық-түлік тауарлары тек «Лидер» және «Идеал» супермаркеттер желісінде (барлығы 40 сауда нүктесі) сатылады. Олар «Тұрақтандыру қорының тауарлары» деген жазуы бар арнайы сөреге қойылған.

Тұрақтандыру қорындағы көкөністер мен басқа да өнімдер арзанырақ, бірақ сапасы көбіне «еркін» сатылымға қарағанда нашар болады - таңдау сатып алушының өз еркінде.


«Атырау» ӘКК Мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру департаментінің директоры Дмитрий ДЮДЫҢ айтуынша, тұрақтандыру қорында бүгінде 216 тонна азық-түлік тауарлары мен 2379 тонна ауыл шаруашылық өнімдері бар. Тауарлар аталған сауда нүктелеріне күнделікті жеткізіліп отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

21 қаңтар 2022, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.