Атырау, 18 желтоқсан 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Қара тізімге» Австрия да ілікті. Оппозициялық БАҚ журналисі: «Тұйыққа тірелдім". Кремль өз жетімдері туралы көп айтпайды. Есетов өлер алдында ҰҚК сауалдарына жауап берген. ІШКЕНІ АЛДЫНДА, ІШПЕГЕНІ АРТЫНДА немесе депутаттар 10 млрд. теңгені қайда жұмсады?

2 251 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Кремль өз жетімдері туралы көп айтпайды» -  Техаста қайтыс болған ресейлік асыранды баланың өлімінен соң, бала асырап алу мәселесі АҚШ пен Ресей ара-қатынасындағы күрделі проблемаға айналды.

«Оппозициялық БАҚ журналисі: «Тұйыққа тірелдім» - Оксана Макушина «Голос Республики» газетінде 2000 жылдан бері қызмет етеді. Ол кезде газет «Деловое обозрение Республика» деп аталған. Оксана егер басылым жабылса, қиын жағдайға тап болатындығын айтады.

ALASHAINASY.KZ. «Алаштың КИНОиндустриясы» - Қадірлі оқырман, біз сіздерге сиясы әлі кеппеген «Бір кем дүние» кинотуындысының ақжолтай хабарын жеткізіп отырмыз.

SERKE.ORG. «Есетов өлер алдында ҰҚК сауалдарына жауап берген».

DMK.KZ. «Жетімдердің жағдайын жасырудың жөні бар ма?» - Әлеуметтік зерттеулер интер­натта балаларды қорқытып, ұрып-соғу фактілерінің көбі тергеу ор­ган­дарының назарынан тыс қалып жататынын анықтаған. Көптеген интернаттар мемлекеттік орган­дардың тексеру жүргізгенін қала­майды. Демек, «жасырудың» ас­тарында ішкі тірліктің «іші түтін» екенін аңғартады. Әртүрлі діни ұйымдар ашып жатқан балалар үйінде де жағдай мәз емес. Ең сорақысы, балаларға қатарлас­тарынан бөлек, тәрбиешілері де қол көтереді екен.

AIKYN.KZ. «Қара тізімге» Австрия да ілікті» - Бірнеше күнге созылған австриялық сиырларды «қыру операциясы» ақыры аяқталды. Енді Қазақстан тарапы соттасып, олардың құнын жауапты жақтан өндіріп алмақ. Бірақ бұл істе ауыл шаруашылығы шенеуніктерінің табысқа жетер-жетпесі беймәлім. Өйткені кейбір ақпар бойынша, австриялық тарап сиырлардың өздерінен кеткенде, «сап-сау» болғандығына табандап тұратын сыңайлы.

«Қазақстан медиакеңістігі «күрделі жөндеуден» өтеді» - Соңғы жылдары мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыру бірнеше есеге  өскенімен, олардың халық арасында танымалдығы артпай отыр. Мемлекеттік БАҚ-қа халықтың сенімі де селқос. Сондықтан Қазақстанның медиакеңістігі тұтастай жаңғырудан өтеді.

JASQAZAQ.KZ. «Салидаттың диагнозы» - Әрбір алтыншы қазақстандықтың ақ халатты «абзал» жандардың жұмысына көңілі толмайды. Бұл сөзді өзге емес, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың өзі жұртқа жеткізді. Медицинамыздың өзінің «денсаулығы» мәз емес екені рас. «Тірі» мысал. Қазір кез келген бұрыштағы тіс дәрігеріне барсаң, ауру тісіңнің орнына сауын жұлып тастайды. 2000 теңгеге. Тіс – сенікі. Жағыңды ұстап, жөніңе кетесің.

«Әлемнің қай пұшпағында болсақ та, ойлайтынымыз – қазақтың мүддесі» - АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Вашингтон университетінің Орталық Азия тілдері, тарихы мен мәдениеті кафедрасында түркі тектес халықтардың тілінен сабақ беретін профессор Талант Мауқанұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

HALYK-GAZETI.KZ. «ІШКЕНІ АЛДЫНДА, ІШПЕГЕНІ АРТЫНДА немесе депутаттар 10 млрд. теңгені қайда жұмсады?» - Еліміздің парламент депутаттарынан «жағдайыңыз  қалай?» деп сұрау әбестік болар?! Ішкені алдынд­а,  ішпегені  артында,  төрде отырған халық қалаулы­ларының жағдайы жаман емес. Тегін көлік, жайлы төсек, құтты орын, олардың басқа арманы бар ма екен?

ABAI.KZ. «Әзірет Барбол. «Қазақстан 2030» стратегиясы: неден ұттық, неден ұтылдық?»

«Төрттағанды билік. Бұл мүмкін бе?» - Президенттік басқару түзімі өзінің артықшылығын да,  кемшілігін де дәлелдей бастады. Мен соның қайсібіріне тоқталып көрейін:  кейбір елдерде президент тұрақты болады, ешкім билікке таласа алмайды. Сол үшін басқа билік құмарлар тек ғана жағампаздық жолмен президентке ұнай қалса болды өседі. Ал өскен соң сол орынды сақтап тұру үшін өліп-талып президентке жақсы аттану керек...

25 ақпан 2013, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.