Атырау, 7 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бұрынғы Ленин мектебі оқушыларының ата-аналары сенаторға жүгінді

Сурет Бейнежазба
2 062 просмотра

Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы 1 мектеп оқушыларының ата-аналарының бастамашыл тобы жаңа ғимаратты бұрын жоспарланғандай бір ауысымға 160 емес, 300 бала деген есеппен салдыруға қол жеткізді. Олардың ендігі мақсаты – қазір балалары білім алып жатқан №18 мектептің типтік жобасы бойынша жаңа ғимарат салу.

Атырау облысынан сайланған сенатор Дүйсенбай ТҰРҒАНОВПЕН кездесу кезінде дәл осы мәселе талқыға түсті. Кездесуге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН, қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат ҚУАНЫШЕВ және қала әкімдігінің басқа да өкілдері қатысты. Белсенді ата-аналар мен билік арасындағы текетірестің егжей-тегжейлі хикаясын біз алдыңғы материалдарда сипаттаған болатынбыз. Қысқаша тоқталсақ: 5 жылдан бері бұл мектептің оқушылары басқа мектептерде оқуға мәжбүр. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, мақұлдау үшін бірнеше жыл өтті, содан кейін ата-аналар жобамен келіспеді. 160 орын, яғни екі ауысымда бар-жоғы 320 бала оқиды деген сөз. Бұл тығыз қоныстанған аудан үшін өте аз екеніне олар сенімді. Биліктің мектеп шағын болды, сондықтан қазір үлкен ғимарат салуға мүмкіндік жоқ деген сөзіне сол төңіректің тұрғындары олай еместігіне дәлелдер келтірді. Облыстық мұрағатта оларға «Ленин атындағы орта мектеп бойынша бірінші оқу жартыжылдығының қорытындысы туралы» мұрағат үзіндісі беріліпті. Онда 1949-1950 оқу жылында мектепте 610 бала білім алғанын көрсетілген. Ғимарат апатты деп танылғанға дейін де саны осындай болған. Халық саны үнемі көбеюде, бұл аудандағы балалар саны артып келеді.

Енді билік оларға жаңа жоба ұсынып жатыр.

– Біздің аумағымыз шектеулі болғандықтан, Х.Доспанова атындағы №18 мектептің жобасы бойынша мектеп салу мүмкін емес деп жауап беріп отырсыздар. Ол жердің аумағы -129 сотық. Бұл ретте Жұмыскердегі Ғани Мұратбаев атындағы мектеп салынған жобаны да алға тартып келеді. Ал ол жердегі аумақ 152 сотық! Бізде ресми түрде небәрі 90 сотық, оның өзі де қағаз жүзінде, ал іс жүзінде 75 сотық. 2003-2004 жылдары мектебіміздің күзет аймағында екі ғимарат салынды, оның артынан қазір көрінбей тұрмыз. Бұл сол кездегі қалалық білім бөлімін басқарған Серік Аманғалиевтың келісімімен жүзеге асты. Мұратбаев атындағы мектеп жобасының өзі сәтті шықпаған. Қабырғалары бетоннан, қаптамасы металл-керамикалық тақталардан салынған, төбеге көлемі 2 де 3 метр өлшемдегі шыны күмбездер орнатылған. Шын мәнінде, бұл күн сәулесінде қызатын, сыныптарды адам төзгісіз ыстық қылатын нағыз шыны линзалар. Сыныптағы терезелер ашылмайды. Ол төбеге орнатылған мәжбүрлі-сору желдеткішінің көмегімен желдетілуі керек. Мектепке кешкі сағат тоғызда барғанда тыныс алу қиын болды, мектепте балалар да, мұғалімдер де болмады. Ең бастысы – бұл ғимаратты 75 сотық шағын аумағымызға қалай салуды жоспарлап отырсыздар? – деп сұрады бастамашыл топтың өкілі Қайша РЫСПАЕВА.

- Бұл біздің проблемамыз! Сәулет және жер қатынастары бөлімі барлығын тексеріп, осы аумаққа көрнекі түрде сыйғызды, - деп жауап берді Қ.Қуанышев.

– Мұнда спорт алаңы жылу трассасының үстіне орнатылған! – деп қарсылық білдірді Қ.Рыспаева.

– Бұл жобаның демеушісі – ТШО. Олар жобаны қарастырып қойған. Наурыздың басында ескі ғимаратты бұзу жұмыстары басталады. Құрылыс келісімшартына қол қойылды, - деп сендірді қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары.

- Ендеше келісімшартты қайта жасаңыздар. 5 жыл бізді қинап отырсыздар, құқығымызды қорғаймыз деп қанша уақыт жүрміз, - дейді бастамашыл топ өкілдері наразылықпен.

- Сіздердің кесірлеріңізден жаңа мектеп салуға кірісе алмай отырмыз, - дейді қалалық әкімдік өкілдері.

Сенатор олардың сөздерін бөліп, бұл мәселені облыс әкімімен талқылайтынын жеткізді. Ал жоба қандай нұсқа таңдалса да, бәрібір барлық қажетті сапартамадан өтуі керек.

Кездесуден кейін Қ.Қуанышев маған қала әкімдігінің ұстанымын көрсететін мәтінді жолдады. Онда былай делінген: «Биыл Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің жобасы «Игілік» бағдарламасы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік-инвестициялық жобаларының тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта мердігерді таңдау мақсатында тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Осы жағдайларды ескере отырып, құрылыс басқармасының мәліметінше, жаңа мектептің құрылысы 2022 жылы наурыздың басында басталады деп жоспарлануда».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

23 ақпан 2022, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.