Атырау, 7 қазан 17:30
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

28 мың шағым: дөрекі және біліксіз дәрігерлер бар

1 858 просмотра

Атырау облысында 90 мыңнан астам тұрғын медициналық сақтандырылмаған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Байтолла ҒАЗИЗОВ мәлім етті.

Облыстар бойынша жаман емес көрінеді – біздің өңірде сақтандырылмаған тұрғындар үлесі аз, яғни, 13,6%, ал республикалық көрсеткіш 19,8%.

Сақтандырылмағандардың әлеуметтік мәртебесіне келер болсақ, олардың 14 919-ы жұмыс істейтін азаматтар (16,5%), 16887-сі азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтіндер (18,5%), 4551-і жеке кәсіпкерлер (5%), 1165-і бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер (1,2%), 2036-сы дербес төлеушілер (2,2%), 1621-і шотына бір немесе бірнеше рет төлем жіберілгендер (1,8%). Ал басым бөлігі – 49 719 адам – соңғы 12 айда мүлдем жарна төлемегендер (54,7%). Жұмыс істейтіндер санатына енгендердің арасында жақында жұмыстан шыққандар немесе керісінше бір ай бұрын жұмысқа орналасқандар бар. ЖК өз қызметін тоқтатқан болуы мүмкін. 90 898 азаматтың арасында зейнеткерлік жаста жүйеде сақтандырылмағандар бар. Әдетте бұл азаматтар - тіркеуден шығарылмай шетелге көшіп кеткендер, кейбірі шетелде зейнетақы алатындар, асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар. Сондай-ақ сақтандырылмағандар арасында мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алушылар да бар. Мысалы, ауған соғысына қатысушылар, Семей және Чернобыль апаттарына қатысушылар және т.б. Яғни, «ауғандықтар» ҰОС-на қатысушылармен теңестіріледі, бірақ ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, олар мемлекет зейнетақы аударатындардың қатарына кірмейді. Ал кейбір жұмыс берушілер мұны білмейді де, «ауғандықтарға» жарна төлемейді.

Государство перечисляет взносы только для 15 льготных категорий граждан. А жители, не вошедшие в эти категории, но получающие какие-либо выплаты от государства, не знают о необходимости платить за себя взносы.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдетілген санатына ғана жарна аударады. Ал бұл санаттарға кірмейтін, бірақ мемлекеттен қандай да бір төлемдер алатын тұрғындар өздері үшін жарна төлеу қажеттілігін білмейді.

– Есепшілердің көпшілігі қорға ай сайын емес, жарты жылда бір рет аударым жасауды әдетке айналдырған. Ал кез келген сақтандырылушы 3 ай қатарынан жарна төлемесе, төртінші айдан бастап оның мәртебесі өзгереді. Осылайша, олар жүйеде сақтандырылмаған боп шығады. Бұдан басқа, тұрғындардың өздері де төлемдерді естен шығармау керек. Жұмыссыз қалған кезде ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгенше немесе қайтадан жұмыс тапқанша жарна төлеуді жалғастыру керек. Сонымен қатар, дәрігерге қаралуды қажет етпеген, сондықтан өткен жылы жарна төлемеген тұрғындар ағымдағы және алдағы 2 ай үшін бір реттік жиынтық төлем жасай алады. Төртінші айда мәртебе сақтандырылған болып өзгереді. Бұл бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы – ол қала тұрғындары үшін 1 айлық есептік көрсеткіш, ал аудан тұрғындары үшін 0,5 АЕК, яғни 3063/2=1531,5 теңгені құрап, бұл сома былай бөлінеді: 10% – табыс салығына, 20% – Әлеуметтік сақтандыру қорына, 30% – зейнетақы қорына және қалған 40% – медициналық сақтандыру қорына, – дейді Б.Ғазизов.

ТЕГІН ҚЫЗМЕТ ҮШІН ТӨЛЕУГЕ МӘЖБҮРЛЕГЕН

Былтыр Атырау облысында медицина саласына қатысты 27 759 шағым тіркелген. Олар тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 Call-орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, қордың ресми сайты және Денсаулық сақтау министрінің блогы, AIKEY CRM Қорының біріңғай бағдарламасы (CRM – клиентпен қарым-қатынасты басқару жүйесі) арқылы түскен. Шағымдардың басым бөлігі алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мекемелердің (қаладағы №1, 3, 4, 5, 7, «QAMQOR QP2» ЖШС емханалары) және стационарлық қызмет көрсететін екі мекеменің (облыстық аурухана мен №2 облыстық аурухана) қызметтеріне қатысты. Пациенттер дөрекі қарым-қатынасқа, ақылы негізде заңсыз қызмет көрсетілетініне, медициналық көмек көрсетуден бас таратынына немесе сапасыз қызмет көрсетілетініне, консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілмейтініне немесе бір ай бұрын жазылу керектігіне, ККТМК және МӘМС аясында дәрі-дәрмек беруден бас тартатындығына және т.б. бойынша шағымданады.

Мәселен, пациент электронейромиографиядан өту үшін жеке клиникаға баруға мәжбүр болды, оның құны 26 500 тг. Өйткені тіркелген жеріндегі емханада оның бұл қызметті тегін алуға құқығы бар екенін ешкім білмеді. Емхана бұл шағымға электронейромиографияға келісім жасамағанын, өйткені бізде оны жасайтын медициналық мекемелер жоқ деп жауап берді. Ал іс жүзінде, қордың www.fms.kz ресми сайтында мұндай медициналық ұйымдардың толық тізімі бар. Қор араласқаннан кейін ғана емхана бұл процедураны жүргізуге жекеменшік емханамен келісім-шартқа отырған.

Тағы бір әйел үш апта бұрын баласымен учаскелік дәрігерге барған, ол баланың өкпесі таза деп сендірген. Балаға «жедел фарингит» диагнозы қойылып, ем тағайындалады. Емдеу барысында дәрігер де, медбике де науқасқа келмеген, оның жағдайын сұрастырмаған («Дамумед» АЖ-де тексеру туралы ақпарат жоқ). Осыдан кейін бала жұқпалы аурулар ауруханасына пневмониямен түскен. Анықталғандай, оның гемодинамикалық көрсеткіштері қате жазылып, компьютерлік томографияның қорытындысына басқа адамның қорытындысы тіркелген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 ақпан 2022, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.