EGEMEN.KZ - «Храпуновтар байлығы қалай құралған?» - Үстіміздегі жылдың ақпан айының соңында Храпуновтар отбасына байланысты Женева прокуратурасы қозғаған алдын ала тергеу ісі аяқталуға тиіс. Өткен жылдың қараша айында Швейцарияға аударылған ақша қаражатының бастауын табу мақсатында прокурор Жан-Бернар Шмид тергеу шараларын қолға алған болатын. Бұл іске Виктор Храпунов пен оның зайыбы Ләйла Бекетова-Храпуновадан басқа, кезінде «Swiss Development Group» компаниясының президенті болған, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «адал, тәртіпті кәсіпкер» ретінде жарнамаланған олардың ұлдары Ілияс та тартылды.
«Украиналық суретші қыз суреттерін шайналған сағыздармен салады» - "Украиналық суретші Анна-София Матвеева дәстүрлі бояулармен, қарындаштармен, гуашь, акварельмен, қауырсынмен сурет сала алады. Алайда, оның атын шығарған бұлар емес. Ол шайнайтын кәдімгі түрлі түсті сағызбен жұмыс істейді".
MASA.KZ. «Қажымұқан Ғабдолла. “Жаманның аузынан жын төгіледі...”» - Мен үшін бір ШЫНДЫҚ анық: қазақтың билігін күстаналай бермей, өзін «саясаткер» санайтын қазақ оппозициясының әрбір мүшесі Жаңаөзен қасіретінде өзінің де кінәсі бар екендігін сезінуі де, мойындауы да керек. Егер қазақ оппозициясының өзара ынтымақ-бірлігі болып, белсенді шаралар жасағанда, бәлкім, жағдай Жаңаөзен қасіретіне жетпес пе еді?!.
BAQ.KZ. «Der Spiegel: Сталиннің ұлы сатқын болған» - Аталған журналда айтылғандай, Сталиннің үлкен ұлы 1941 жылы фашистердің жағына өз еркімен өткен. Сондай-ақ, ол Қызыл армия саясатын үнемі сынға алып отырған дейді мақала авторлары. Мұндай пікірге неміс ғалымдары мұрағат құжаттарын тыңғылықты зерттеу нәтижесінде келіп отыр.
AIKYN.KZ. «Министрлік кемшілігін мойындады» - Кеше Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырған дөңгелек үстелде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысты біраз шындық ашық айтылды. Атап айтқанда, осы ұзақ мерзімді бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес, мемлекет экономикалық әлеуеті төмен елді мекендер тұрғындарын «экономикалық белсенділік орталықтарына» өз еркімен көшіруге ниеттенген. Бірақ бұл істі министрлік орындай алмапты.
"Қатерлі дертке қалай қарсы тұрамыз?"- Қатерлі ісік аурулары елімізде өлiм-жiтiм бойынша жүрек-тамыр ауруынан кейін екiншi орында тұр. Қатерлі сырқат салдарынан 3 мың әйелдің 1 мыңнан астамы жарық дүниемен қоштасады. Бұл ауруға ертеректе 50-60 жастағы егде әйелдер көп шалдықса, қазір 30-40 жастағылар да жапа шегуде.
TURKYSTAN.KZ. «САБИЛЬЯНОВ СОТТАСЫП ЖАТЫР» - Бiзде депутатпен соттасу фактiлерi бұрын да болған. Әлi күнге қоғам былтыр ғана "Тасжарған" газетiнiң журналисiмен соттасқан Ромин Мәдиновты ұмыта қойған жоқ. Ендi мiне, мәжiлiс депутаты Нұртай Сабильянов та сот көмегiне сенiм артпақ.
AZATTYQ.ORG - "Әлеуметтік желілерде аңдысқан үкімет пен «терроршы» - Террорлық ұйымдар әлеуметтік желілерді қолдана бастағалы операторларға үкімет тарапынан аккаунтты өшіру талабы көбейген. Ал әлеуметтік желі өкілдері сөз бостандығының тағдырына алаңдайды.
«Тұтыну қоржынының құрамы қандай?» - Зейнеткерлер «Тұтыну қоржыны соңғы өзгерістерге қарамастан, тауар мен қызмет түрлерінің жартымсыз шығындарын да жаппайды» десе, парламент жаңа қоржынның әзірленіп жатқанын айтады.
JASQAZAQ.KZ. «Әскерде: не үтіктейді, не түтіп жейді немесе сарбазды тәрбиелеудің сарыағаштық тәсілі» - «Естімеген елде көп», Сарыағаш шекара жасағында жаңа шақырылған сарбаздарды әскери өмірге тез бейімдеудің тың тәсілі – олардың денелерін қызып тұрған үтікпен «тегістеу» қолданыла бастаған. Кіші сержанттың басынғаны соншалық, төрт жауынгерге тізесі батыпты. Алғашқыда үш «молодойды» әскери өмірге баулу үшін олардың денелеріне үтік басса, соңында бір жауынгердің жайбасарлығы жынына тиіп, оны жәбірлеп, етігімен тепкілеген.
«Ресей өткел емес» - Ресей XXI ғасырдағы маңызды транзитті державаға айнала алмауы мүмкін. Оған кінәлі тек өзі. Бұған көз жеткізу үшін басты транзит жолдары: теміржол, теңіз және әуежолдарына сараптама жасауға болады.