ALASHAINASY.KZ. «Жанар-жағармайдың көтерме саудасына мемлекеттік монополия енгізу керек пе?» - "Елбасымыз өз Жолдауында: «Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компанияларының активтерінің басым бөлігі мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен «мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» деп айтып едім. Міне, енді бәрін қайтаратын уақыт келіп жетті. Барлық акциялардың пакеті – Қазақстанда".
AIKYN.KZ. «Уланып жатырмыз...» - Денсаулық сақтау министрінің өзі шетелден елімізге әкелінетін кейбір тамақ өнімдерінің сыртқы қаптамасында да, оған ілеспе құжаттарда да сол өнімнің құрамында қауіпті, зиянды қоспаның бар екендігі жазылмайтындығын мойындады.
«Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде еңбекақы төлеудегі алшақтықты қалай реттеуге болады?»
AZATTYQ.ORG. «АҚШ-тағы киіз үй бизнесі» - Киіз үйді АҚШ-тағы жұрттың көбі баспана ретінде қолданады, кейбірі медитация жасауға ыңғайлы орын деп біледі.
«Гуантанамо түрмесінен босаған ұйғырдың тағдыры» - 2002 жылы қытайлық 22 ұйғыр Американың Гуантанамо түрмесіне шетелдік содыр ретінде қамалған еді. Бірнеше жылдан кейін олардың біразы бостандыққа шықты. Алайда жаңа қоныс табу оңайға түспеді. Кейбіреуі Албанияда босқын мәртебесін алды.
ZHASALASH.KZ. «Полицейдiң ескертусiз оқ атуына рұқсат ету – адам өлтiруге арнайы лицензия беру» - Өткен сәрсенбiде Iшкi iстер министрлiгiнен парламенттiң төменгi палатасына жаңа заң жобасы қарауға ұсынылған-ды. Вице-министр Ерлiк Кененбаев таныстырған бұл құқықтық-акт бiздегi полицейлердiң қару қолдану мәселесiн қарастырғаны белгiлi. Егер осы нормативтiк-акт қабылданып, заңдық күшiне енетiн болса, полицейлерiмiз ешқандай ескертусiз-ақ қару қолдануына рұқсат алады.
"Мұрагер мәселесiн Мәскеу биыл шешуге мүдделi" - Көзiмiз көрiп жүрген жайттың бәрi оқырманымыздың айтқанына жетелеп әкеле жатқандай. Егер мәселе осыған келiп тiрелсе, келесi президент кiм болуы мүмкiн? Ресейшiл Мәсiмов пе, әлде одан өткен ресейшiл Тоқаев па?
ABAI.KZ. Владимир Билинский: «Ресей о баста түзілген хандықтар мен кінәздіктерге ыдырайды.» - "Олар украиндар емес, хахолсымақтар. Олардың қанына құлдық әбден сіңген. Олар ата-анасы берген тілдің ана тілі екенін, сол арқылы Жаратқанға шығуға боларын сезбейді. Империя біздің адамдарды солай тәрбиеледі. Білесіз ғой, Мұса пайғамбар халқын 40 жыл бойы шөл далада қаңғытып барып құлдық санадан арылтты. Өйткені, олар ешкіммен араласпады. Бүгінгі украин ұрпағы да кеңестік дәуірдегі ата-аналары секілді ойлайды."
KAZAKH.IRIB.IR. «Иранның Франция Қорғаныс министрінің ішкі іске араласушы сөздеріне реакциясы» - "Кейбір Батыс елдерінің осындай қысымдар жасау арқылы Иранды оқшауландырамыз деп ойлауы Иран халқын өзінің негізгі құқықтарынан бас тарттыра алмайды"