Атырау, 23 желтоқсан 13:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бақытгүл Хаменова сотты тергеу изоляторында күтеді

2 557 просмотра

22 желтоқсанда Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шарасын алды. Енді сот басталғанша ол тергеу изоляторында болады.

Б.Хаменованы қамауға алу туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш берді. Шенеунік тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Б.Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу шарасын алған болатын. Ол және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 млн. теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

Фархат АБИЛОВ

23 желтоқсан 2021, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.