Атырау, 23 желтоқсан 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тергеу соты Б.Хаменованы неге үйқамаққа алғанын түсіндірді​

2 456 просмотра

"Тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін  Атырауда тұрақты мекенжайы барын, бұрын сотты болмағанын назарға алды» - деп хабарлады тергеу сотында. 

Бұдан басқа, қылмыстық қудалау органы сотқа күдіктінің өз бетінше не сенім білдірген адамдары арқылы бостандықта қалып, қылмыстық процеске қатысушыларға қысым көрсету арқылы істі толық және объектив тергеп-тексеруге және оны сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екенін, сондай-ақ тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін екенін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған.

Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Б.Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу шарасын алған болатын. Ол және орблыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 млн. теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

Фархат АБИЛОВ

13 желтоқсан 2021, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.