Атырау, 6 ақпан 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

2 305 рет қаралды

13 желтоқсан күні сағат 11-лер шамасында Водников-2 ықшамауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, жедел жәрдем көлігі Volkswagen Touareg автокөлігімен соғысып бір жағына аударылып қалды.

Оқиға 2 және 8 көшелердің қиылысында болған. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция болған жайды тергеуде.

Кейін облыстық аурухананың баспасөз қызметі «АЖ»-ға жүргізуші тексерістен кейін үйге жіберілгенін хабарлады. Ал, 27 жасар фельдшердің жағдайы орташа деп бағаланған. 3-4 күннен кейін оны ауруханадан шығарады.

Айнұр САПАРОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

13 желтоқсан 2021, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.