AIKYN.KZ. «Халық «Мырзажан» деген жоқ!» – Ел басшылығында, халық шаруашылығының барлық салаларында жетекші қызмет атқарғандардың қаншасы Л.Мирзоянның тұсында «халық жауы» лақабымен айдалып, атылып кеткенін білмеймін, ал әдебиет ауылымыздағы бас-аяғы қырық шақты жазушы түгел қасіретке ұшырады. Бәрі де «мирзояндардың» ұйғаруымен, жергілікті «көсем» Л.Мирзоянның атауымен, құптап қол қоюымен құрбан болды.
«Қазақстанда «Қымыз туралы» арнайы заң шығуы мүмкін» - АШМ-ның ұстанымынша, әзірге қолданыстағы жанама заңдар да жеткілікті. Бірақ Парламент депутаттары сол ұсыныста табандап тұратын сыңай танытты. Осымен шектелмеген қалаулылар Қазақстандағы барлық мектептерде балаларды қымызбен тамақтандыруға қол жеткізбек, сонда елдің ертеңгі тізгінін ұстар ұрпақтың иммунитеттері бекіп, денсаулығы мықты болып өсуге тиіс. Өзі – нәр, өзі – дәру қымызды, сондай-ақ ауруханаларда ауыр сырқаттарға беру ұсынылып отыр.
ANATILI.KZ. «Абыралы көтерілісі» - 1931 жылы Кеңес өкіметі екінші үлкен қателік жіберді. Оны қазақ халқына әдейі жасалған қастандық деп айтса да болады. Бұл – салық саясаты еді.
«Шымбайға батқан шындық» - Депутат Халмұрадов әріптестеріне орынды сын айтты. Мемлекеттік тіл мәселесі сөз болғанда жұртшылық Парламентке қатысты да өкпе-реніштерін білдіріп жүр. «Мемлекеттік сипаттағы орын. Елдің тағдыры қолдарына тапсырылған – таңдаулыларымыз, қалаулыларымыз. Парламент депутаттары неге отырыс-жиындарын мемлекеттік тілде өткізбейді?» деп сынайды.
«Емлені ескеруіміз керек» - Қазақ әліпбиіндегі әріп санын күрт кеміту орфографияға қыруар қиындық келтірмек. Әріп санын азайтпау сауаттылық дәрежесін арттыра түсуді жеңілдетпек әрі сөздің тұлғалық даралығын сақтау үшін де қолайлы дейтін авторлардың дәлелі көкейге қонымдырақ.
AZATTYQ.ORG .«Путиннің мұрагері» мәселесі талқылана бастады» - "Леонид Брежнев те, Борис Ельцин де мұрагерін қойып кетті. Ал Владимир Путиннің қолынан бұл келе ме?" деген сауал сарапшылардың көбін алаңдатады.
«Eurasia View: «Байқоңырдың тағдыры күзде шешіледі» - Eurasia View-дің жазуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр проблемасы тұйыққа тірелген.
«Көрермен қалауына сай өзгеретін фильм түсірілді» - Ұлыбританиялық режиссер Алексис Кирк көрермен реакциясына қарай өзгеріп отыратын қысқаметражды фильм түсірді. Биосигналдар арқылы адамдардың эмоциясы мен миындағы ақпараттарды тануға мүмкіндік беретін зерттеулер негізінде режиссер киноны көрсетудің жаңа әдісін ойластырған.
MASA.KZ. «Ойсылқараға ойсыз қарама» - Түйе малының жоғары және төмен температураға, күн радиациясына, су мен жем-шөп тапшылығына және қатаң климат жағдайларына төзімділік көрсете алатын ерекше физиологиялық қасиетінің болуы елімізде түйе шаруашылығын дамытып, сонымен қатар түйе етінің маркетингін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Ежелгі дәстүрлі жүйе бойынша адамдар түйені қатынас көлігі ретінде және сүті үшін пайдаланып, жасы ұлғайған соң ғана оны ет қажетіне сойып отырған, сондықтан да қазіргі күнге дейін «түйе еті қатты» деген ортақ көзқарас қалыптасқан.
NAMYS.KZ. «Зураб ЗВИАДАУРИ, Олимпиада чемпионы: Менің құлдырауыма себеп болған дүние – атақ пен мақтаулар» - "Олимпиададан кейін атақ-абыройға мастанып, өзімді бақылаудан тыс қалдырдым. Құлдырауыма себеп болған дүние – атақ пен жалған мақтаулар. Осының салдарынан кеудемсоқтық жасаймын деп жарақат ала бастадым. Адамды аты-жөнімен емес, атақ-абыройымен мадақтап әспеттеп шақыру бұзады екен. Бұрын мені танитындар жай қана «Зура» дейтін. Олимпиададан кейін елдің үлкен тұлғаларынан бастап, тіпті көше жолыққан қарапайым адамдарға дейін «Чемпион» деп шақыратын болды. Осы дүние мені қарапайым адами жолдан тайдырып жіберді", дейді Зураб.
BNEWS.KZ. «Мұхтар Әблязов Швейцарияда жасырынып жүр»
«Ресейдің үздік кәсіпкері неліктен Қазақстанда жел стансаларын сала алмай отырғанын түсіндірді» - Серікбай Бисекеев Ресейде 2012 жылдың ең үздік кәсіпкері атанған. Қазақстанда туып-өскен бизнесмен «ARMAN» корпорациясының негізін қалаушы болып табылады.
"Қазақстанның еңбек министрлігі бала туғанда жәрдемақы қалай төленетінін түсіндірді"