Атырау, 11 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​«Мектепте маньяк жүр!»

2 101 рет қаралды

- деп, 10 желтоқсанда терезеден мектептің ауласында қолына тақтай сияқты бірдеңе ұстаған, есі дұрыс емес жартылай жалаңаш жүрген ер адамды көрген Доссордағы С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары шулады.  

Оған дейін 36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кеткені туралы полиция хабарлаған болатын.

– Полиция қызметкерлерін көріп, мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны сол жерде ұстап алған, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінде. Аталған азаматтың екінші топтағы мүгедек екені анықталды, бірақ мас болды ма әлде психикалық ауытқушылық орын алды ма, нақты айтылған жоқ.

Фархат АБИЛОВ


12 желтоқсан 2021, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.