Атырау, 25 қараша 03:15
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хаменованың ісі: істің жай-жапсары

5 041 просмотра

10 желтоқсанда пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жауап алудан соң уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақыттағы істің жайын «АЖ» баяндайды.

Біздің дереккөздеріміз хабарлағандай, Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасауға 4 млн 500 мың теңге көлеміндегі пара алған. Сәлден кейін Рысқалиев кінәсін мойындап келді, ал Хаменованы жауап алудан кейін уақытша ұстау изоляторына жіберген.

Абай ескерткішіне келсек, былтыр екі рет ұсыныс айтылған – бірінші рет облыстық мәслихат сессиясында, кейін ұлы ақынның 175 жылдығын тойлау аясында. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен депутаттар идеяны қолдап, содан кейін тендерге дайындық басталған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт сомасы 150 млн теңге, мәдениет басқармасы алғашқы траншты өткізіп үлгеріпті. «АЖ» мәліметіне сәйкес, ертең сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі ай қамауға алу туралы өтініш бермек.

Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары лауазамына былтырғы 13 наурызда келген. Оған дейін «Нұр Отан» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.

Еске салайық, қазір Атырау облысы әкімінің екі орынбасарына қатысты сот процесі жүруде: бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 182 млн теңге пара алды деп айыпталса, Қайрат Нұрлыбаев ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған кезінде 80 миллион теңге көлеміндегі ауыл шаруашылығы субсидиясын заңсыз бөлді деп айыпталуда.

Фархат АБИЛОВ

11 желтоқсан 2021, 07:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.