Атырау, 9 қазан 05:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Сәбидің салмағы қандай

Сурет
2 302 просмотра

17 қарашада бүкіл әлемде шала туған балалар күні аталып өтеді. Атырау облысында жыл басынан бері 8131 сәби дүниеге келген, оның ішінде 418-і мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан.

2008 жылдан бастап Қазақстанның тірі туудың жаңа стандарттарына көшу кезеңі болды. Дене салмағы өте кішкентай (500-ден 1000 грамға дейін) балалардың өміршеңдік деңгейі 3 есеге артты. Атырау облысында жыл сайын дене салмағы өте төмен 600-ге жуық бала дүниеге келеді. Жалпы алғанда шала туылған нәрестелер үлесі жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 3,5 пайызын құрайды. Бұл шамамен республикалық орташа көрсеткішке сәйкес келеді.

- Бұл цифр көп емес, бірақ бұл балаларға күтім жасауға көп күш, уақыт пен қаражат кетеді. Биыл жергілікті бюджет есебінен құрал-жабдықтар – арнайы заманауи кювездер, ИВЛ аппараттары, ал демеушілер есебінен жаңа туған нәрестелер үшін аялауыш режимі бар «Сипап» тыныс алу аппараты сатып алынды. Олар жетілмеген тыныс алу мүшелеріне тән респираторлық дистресс синдромында қолданылады, – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар СӘДУОВА. - Біздің елімізде мұндай балаларды күту және оңалту процесі үнемі жетілдірілуде. Егер бұрын салмағы 1000 грамға дейінгі балалардың өміршеңдігі 20% болса, қазір бұл көрсеткіш - 33%. Ал салмағы 700 грамнан асатын сәбилер көп жағдайда толық оңалып кетеді де, көп ұзамай уақытымен туылған балалардан еш айырмашылығы болмайды.

Шала туылған нәрестелерді күту үшін бұрынғыдан әлдеқайда оңтайлы жағдай жасалған, - дейді облыстық перинаталдық орталықтың неонатологы Людмила ШЕСТОПЕРОВА.

– Мен мұнда 1987 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Шала туылған нәрестелерге арналған кювездер жеткіліксіз, аппаратура аз болған, сәбилерді перзентханадан облыстық балалар ауруханасының оңалту бөліміне тасымалдаған кездер әлі есімде, - деп еске алады Л.Шестоперова.

Бүгінде облыстық перинаталды орталықтың жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 15 сәби жатыр. Ең кішісі 720 грамм салмақпен дүниеге келген, ал қазір 103 күннен кейін салмағы 2 келіге жақындап қалған. Дәрігерлердің айтуынша, ерте босанудың жиі кездесетін себептері – жұқпалы аурулар, нашар экология және әйелдердің өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарамауы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қараша 2021, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.