Атырау, 26 сәуір 19:05
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Суицид тығырықтан шығатын жол емес

1 351 просмотра

Өткен жылдың 9 айында Атырау облысында өз-өзіне қол жұмсаған екі жағдай және 2 әрекет, ал осы жыл басынан бері сәйкесінше 4 және 8 факті тіркелсе, өз-өзіне қол жұмсауға талпынған 8 әрекеттің бәрі де жасөспірімдер тарапынан жасалған. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВАНЫҢ төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында бұл тақырыптың қозғалуы кездейсоқ емес.

2018 жылдан бастап облыстық Психикалық денсаулық орталығында суицидология бөлімшесі, ал 2015 жылдан бастап 20-53-30 сенім телефоны, (8708) 4216659 ұялы телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Өткен жылдың 9 айында өмірдегі түрлі жағдай бойынша, соның ішінде соңғы қадамға баруды ойлайтын адамдардан 190, ал биылғы осы кезеңде - 243 қоңырау түскен. Бірақ көбінесе ересектер әлдебір ақпаратты, атап айтқанда, психотерапевт немесе наркологтың қайда және қашан қабылдайтынын білу үшін қоңырау шалады. Айтпақшы, 2018 жылы психикалық-неврологиялық және наркологиялық диспансерлер Психикалық денсаулық орталығына біріктірілді.

Мен осы емдеу мекемесінің басшысы Елдос ҚЫДЫРСИЫҚОВТАН аты-жөнін айтпай, қандай да бір нақты қоңыраулар мен жағдайлар жөнінде сұрадым. Ол үшеуін ғана келтірді. 

Бір оқушы әкесімен нашар қарым-қатынаста болғандықтан өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Екінші жағдай – ер адам ажырасқаннан кейін ішімдікті көп іше бастаған, сөйтіп мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Үшінші жағдай: адам ойынқұмарлықтан зардап шегіп, көп ұтылып, қарызға белшеден батып, бұл жағдайдан қалай шығатынын білмеген. Сөйтіп өз-өзіне қол жұмсаған.

- Неліктен адамдар мұндай қадамға барады? Олардың ішінде ер адам көп пе, әлде әйелдер ме, олардың жасы нешеде?

– Психологтардың пікірінше, басты себеп – әлеуметтік-отбасылық мәселелер, тұрмыстың түзелмеуі; суицидке бейімділік тудыратын интернет-ресурстардың да үлесі зор. Өз-өзіне қол жұмсаған немесе жұмсамақ болғандардың жасы – 18 бен 35 жас аралығындағылар, көпшілігі ер адамдар, – дейді Е.Қыдырсиықов.

Ақпарат үшін ол www.BFLine.org сайтында тегін анонимді психологиялық көмек қолжетімді екенін айтты.

Айнұр САПАРОВА

28 қазан 2021, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.