Атырау, 9 қазан 13:23
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді: Қазақстандықтар үшін не өзгереді?

1 320 просмотра

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ке дейін көтерді. Мұндай шешім өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің қарқынды қымбаттауына байланысты қабылданды. Бұл қарапайым халық пен отандық бизнес үшін нені білдіреді? Бұл жайлы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлайды. 

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені біртіндеп арттыруды жалғастырып отырғанына қарағанда, инфляция тоқтайды не баяулайды деген пікір бар. Бірақ әзірге біз мұндай қызметтің нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Мысалы, ресми деректер бойынша қыркүйекте жылдық инфляция шамамен 9 пайызды (8,9%) құрады. Бұл Ұлттық Банк бұрын болжаған инфляциядан 7,5-8,5 пайызға артық.

Кейбір экономистердің айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы 2020 жылғы дағдарыстан шыға бастаған кезде, мөлшерлемені көтеру және сол арқылы бизнес пен халық үшін кредиттерді қымбаттату орынсыз. 

“Іскерлік белсенділік қыркүйек айында біршама төмендеді. Осы кезеңде базалық мөлшерлемені көтеру дұрыс емес.  Ұлттық банк осы жылы мөлшерлемені екі рет көтергенін көрдік, бірақ инфляция төмендеген жоқ, керісінше, баға өсіп жатыр. Яғни, инфляцияны тежеудің бұл құралы жұмыс істемейді. Сондықтан қазір мөлшерлемені көтеру емес, керісінше, бизнесті қолдау қажет, өйткені ол экономиканың драйвері болып отыр”, – дейді экономист Мақсат Халық.

Алексей Цой коронавирус бойынша үш айға жаңа болжам жариялады 

Кей мамандар осы арқылы теңгенің одан әрі құнсыздануын тежеуге, оның сатып алуға қолайлылығын сақтауға болады деп есептейді. Сондықтан, егер Ұлттық Банк мұндай қадамға бармаса, онда инфляция біздің еліміздің тұрғындары үшін қатты сезілер еді, дейді.

“Егер инфляциямен күреспесесе және базалық мөлшерлемені көтермесе, Түркиядағыдай жағдайды бастан кешеміз. Онда инфляция жоғары, бірақ өткен аптада оның өсуіне қарамастан, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті. Тиісінше, біз лираның құнсызданғанын, ал инфляцияның өсіп жатқанын көреміз, капиталдың сыртқа шығуы байқалып отыр. Яғни, біз үшін Түркияның мысалы қалай істмеу керектігінің үлгісі”, –  дейді DAMU Capital Management бас директоры Мұрат Қастаев.

 Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімі қаншалықты тиімді болғанын 6 айдан кейін бағалауға болады. Ал биыл реттеушіде желтоқсан айында тағы бір отырыс өтеді, ол кезде мөлшерлеме бойынша қайтадан шешім қабылданатын болады.

26 қазан 2021, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.