Атырау, 11 желтоқсан 10:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Экстремизмнің тамыры қайда жатыр. "Ереуіл" елесі. ДСҰ-дан қорқып не керек? АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүддесі не? Израильдің құрдымға кетуі мүмкін бе? Ислам әлеміндегі шиеленістерді шешудің «қазақстандық» жолы бар.

2 529 просмотра

ULT.KZ. Экстремизмнің тамыры қайда жатыр - Қазіргі кездегі халықаралық экстремизмнің негізгі бағыты ислам өркениетіне қарсы ұйымдастырылатыны да ешкімді көп ойландыртпайтын сияқты. Себебі осы ислам дінінің ішінен секталық, сепаратистік бағыттарды тудырып, оларды қаржыландырып және идеолгиялық қолдау көрсетуді батыс империялық мемлекеттері он тоғызыншы ғасырдан іске асыра бастаған.

Жатты жарылқау – өзіңді өзекке тебу болмасын - Әңгіме  біз елімізде өзгенің ұлттық салт-дәстүріне, тілі мен дініне қандай қамқорлық жасасақ, өзгелердің, атап айтқанда орыстардың Ресейде сонда тұратын қазақтарға дәл біздегідей қамқорлық жасауын талап етуге де жүрегіміз дауаламайтыны туралы болып отыр.

INFORM.KZ. Тунисті ереуіл «елесі» кезіп жүр - Тунис мемлекетінің астанасы мен бірқатар басқа да қалаларында орын алған шерулерге 6 ақпан күні тунистік «Аль-Ватад» оппозициялық партиясының бас хатшысы, «Халықтық майдан» коалициясының көшбасшысы Шукри Бельаидтің өлтірілуі басты себеп болды.

BNEWS.KZ. ДСҰ-дан қорқып не керек? - Мысалы, ДСҰ-ға қабылданғаннан кейінгі алғашқы айлардың өзінде-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мүшелері Ресей экономикасына ДСҰ-ның тигізген әсері жайында талдау-сараптама жүргізген. Мұнда әрине, нарықтың жаңа талаптары ене бастағанда ресейлік тауар өндірушілердің қаншалықты зардап шеккендігіне басты назар аударылған. Яғни, ДСҰ жергілікті өндірушілерге қаншалықты деңгейде кері әсерін тигізген?

AZATTYQ.ORG. Навальный азаматтарға құқық қорғауды үйретіп жүр - Алексей Навальный жұртқа Ресейдегі жемқорлықпен табанды күрескер және «РосПил» деген жемқорлыққа қарсы сайтты құрушы ретінде таныс. Бұл сайтта билік басында отырған кей адамдардың табыс көзіне айналған тендерлер мен мемлекеттік сатып алу саласын әшкерелеген сарапшылардың, қарапайым азаматтардың ақпараты жинақталады.

АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүддесі не? - Ауғанстандағы соғыс біткен соң (әскері шығарылған соң) аймақтың АҚШ үшін әскери маңызы төмендейтінін айта келіп, автор ол елдің Орталық Азиядағы мүддесін әлемдегі мүддесінен бөліп қарауға болмайтынын ескертеді.

ZHASALASH.KZ. Уранға қолды салғаны... - “Қазақстанның уран өнер­кәсiбi толықтай Ре­сейдiң бақылауына өттi” деп хабарлады осы аптаның басында Forbes.kz сайты. Бұл не деген сөз? Бұл – бұдан былай Қазақстан уран өндiрушi держава емес, өйткенi өз уранына өзi иелiк ете алмайды деген сөз! Қазақ үкiметi өз несiбесiне бұрын да иелiк етiп қарық қылмайтын. Ендi тiптi тiзгiннен басыбүтiн айырылмақ. “Қазатомөнер­кәсiптiң” қазаққа титтей де жаны ашымайтын басшысы Владимир Школьниктiң Ресейге ептесiп-септесуiнiң арқасында...

AIKYN.KZ. «Билерге» билік берілЕді - Енді «билер» рөлін атқару нотариустарға да берілетін болыпты. Осындай қызықты жаңалық кеше Сенатта өткен «дөңгелек үстелде» жария етілді. Бір айта кетер жайт, қазақстандық жоғары білім беру жүйесі заң мамандарын қаптатып шығарғаны сонша, республикамыз «заңгерлер еліне» айналып кеткендей болған. Ал осы жаңа құрылымдар соларға жұмыс тауып беруге жол ашқалы отыр.

Израильдің құрдымға кетуі мүмкін бе? - АҚШ-тың барлау қызметі қызықты мәлімет таратты. Барлау қызметінің шолушысы Хуссейн әль-Бербери америкалық бір басылымда өз болжамдарын жария етті. Ал бұл мәліметтің астарында ақиқат бар ма, әлде Израиль билігін сақтандыру үшін жасалып отырған мәлімдеме ме? Ол жағы белгісіз.

ALASHAINASY.KZ. Ислам әлеміндегі шиеленістерді шешудің «қазақстандық» жолы бар - Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация Мысыр Араб Республикасынан оралды. Каирде өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының XII саммитінде Е.Ыдырысов ислам әлемін­де қалыптасқан жағдай: қанды қақтығыстар мен саяси шиеленістерді шешудің «қазақстандық» жолын көрсетіп, бірқатар бастамаларымыз­ды жариялады. Ұйымға мүше 57 мемлекет ол ұсыныстарды қолдады.

HALYKSOZI.KZ. Сәт ТОҚПАҚБАЕВ: ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА ЖИІЛЕЙ БЕРСЕ, ЕЛДЕН МАЗА КЕТЕДІ - "Сыртқы елдер тұрмақ ішкі халықтың да көзқарасы өзгеріп, «бізді қорғаудың орнына өз бастарымен өздері қайғы болып кетті» демей ме?! Оқиғаның жиілей беруі жақсылықтың белгісі емес. Себебі, елдің де, халықтың да қадірін түсіреді".

ABAI.KZ. Ташкент үшін талас - Түркістан өлкесінің астанасы - Ташкент қаласында қазақтардың әдеби, мәдени, оқу-ағарту салаларында ықпалы мол болды. Өлке басшыларының дені қазақтар еді (Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұлов т.б.). Жоғары және орта дәрежелі оқу орындарының көбінде қазақ тілінде дәріс жүріп, газет-журналдар шығып тұрды. Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұхтар Әуезовтей тұлғалар осында жемісті қызмет атқарды.

11 ақпан 2013, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.