Атырау, 2 мамыр 16:26
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жұмыс берушілерге вакцина алмаған қызметкерлер үшін айыппұл сала бастай ма?

1 624 просмотра

Ведомствоаралық комиссия отырысында вакциналау бойынша рейдтер алгоритмі бекітілді. Алайда Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет ТАНАУОВТЫҢ айтуынша, бұл құжат еш жерде ресми түрде бекітілмеген, демек тексеруге де негіз жоқ.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерді жаппай вакциналау туралы талап күшіне енгеннен кейін компанияларды тексеру 1 қыркүйектен басталатынын растаған болатын.

Қамтуды мониторингтік топтар, «Infokazakhstan» бағдарламасы, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және медициналық база арқылы вакцинация паспортындағы деректерді салыстыра отырып бақылауы керек еді.

- Өткен жылмен салыстырғанда, мемлекеттік органдар осындай рәсімдерді жүргізуде тәжірибе жинақтап, ұйымшылдық танытты. «Ашық» жобасы енгізілді - бұл өте ыңғайлы жүйе. Бұл бағдарламаны енгізгендер жұмыс істеуге құқылы, ал көшбасшылар басқаларға қарағанда тіпті 2 сағатқа ұзақ жұмыс жасай алады. Ал былтыр, есіңізде болса, біз мүлде жұмыс істемедік, - дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ. – Бірақ әлі де проблемалар бар. Соңғы кездері жұмысшылары екпе алмаған кәсіпкерлерге айыппұл салу ең өзекті тақырып болып отыр. Яғни жауапкершілік жұмыс берушілерге жүктеледі. Қазір өте қиын уақыт. Бизнес жүрмей тұр, оның үстіне, ол онсыз да әрең ұстап отырған қызметкерлерімен ренжісуі керек.

Қандай негізде деген сұрақ туындайды. «Атамекен» Ұлттық палатасы ахуалды анықтап, бизнеске тиетін ықтимал салдары туралы хабарлау үшін Бас прокуратураға күні бұрын өтініш жолдады. Неге екені белгісіз, ресми жауапқа Бас прокурор немесе оның орынбасарларының бірі емес, «қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының міндетін атқарушы» қол қойған. Онда, атап айтқанда, Денсаулық туралы кодексте міндетті жоспарлы профилактикалық екпелер, оның ішінде ковидке қарсы екпе алу қарастырылғаны айтылған. Бірақ вакцина алуды жұмыс беруші бақылауы тиіс деген ешқандай нұсқау жоқ. Жалпы жауаптан белгілі болғандай, бас санитар дәрігердің қаулысы нормативтік-құқықтық акт болып саналмайды.

Екінші сұрақ айыппұлға қатысты. Кәсіпорындарды бақылаудың екі түрі бар – бару арқылы және бармай. Қазір мораторий жарияланған жоспарлы тексерулер прокуратурада тіркелуі тиіс. Бұған лауазымды тұлға анықтаған бұзушылықтар; құқық қорғау органдарынан түскен материалдар; жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары; БАҚ хабарламалары негіз болады. Мониторинг тобы материалдарды жинақтайды, содан кейін СЭС-ке, ол жерден сотқа жолданады.

- Бірақ жұмыс берушінің қызметкерлерді вакциналау үшін жауапкершілігі заңды түрде еш жерде жазылмаған. Әрине, вакцина алу қажет, бірақ бұл заңды алмастыра алмайды. Егер ол жерде бұл сөздер жазылмаса, онда бұл заңсыз, - деп есептейді С.Жолдыбаев. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу кезінде бұл жайттардың барлығы ескерілетін шығар деген пікірде.

Қазір барлық облыста ҚР ведомствоаралық комиссиясының хаттамасымен бекітілген мониторингтік топтар жұмыс істейді. Санитариялық шектеулер бұзылған жағдайда әкімшілік жазалау алгоритмі бар. Мониторинг мәні: келушілер санының шектен асуы, маска режимін сақтамау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, отбасылық, еске алу және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды шектеу талаптарын сақтамау, объектінің қызметін шектеу талаптарын сақтамау (жұмыс режимі). Бұл тізімде жұмысшыларда вакцинацияның жоқтығы туралы тармақ әзірге жоқ.

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет ТАНАУОВ менің сұрағыма жауап бере отырып, жергілікті жерлерде вакцина алмаған адамдарды жұмысқа жіберуді шектеу туралы ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысы тікелей қайталанбайтынын атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдардан тиісті құжаттарды күту керек, сонымен қатар кәсіпорындарды іріктеу бойынша үлкен жұмыс жүргізу қажет.

Атап айтқанда, Ведомствоаралық комиссия отырысында мониторингтік топ «ASHYQ» қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін іріктеп тексеріп, жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстыруы қажет екендігі айтылды. Бүгінде қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін болған кезде, жұмысшылардың кем дегенде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін - кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін - кемінде 3%, 1000-нан жоғары - кем дегенде 1% вакциналануы керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қыркүйек 2021, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.