Атырау, 3 мамыр 08:11
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Нұрланнан Махамбетке дейін: Атыраудан жапондық инвесторлар қалай ғайып болды

2 653 просмотра

Жақында Махамбет ауданында жағалауды нығайту жұмыстары мен онкологиялық науқастарға арналған медицина орталығының құрылысы жапондық «TokyoRope» компаниясының қатысуынсыз жүзеге асырылатыны белгілі болды. Неге бұлай болғаны - «АЖ» материалында.

2018 жылы Атырау облысының сол кездегі әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «TokyoRope»-пен ынтымақтастықтың басталғаны туралы хабарлап, бұл Елбасының Қазақстанға шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру туралы тапсырмасын орындау деп бағалады. Бірақ көп ұзамай облыс басшылығы өзгеріп, жаңа әкім бұл жобаға қызығушылық танытпады.

Бұл жағдайды еске түсірейік. «TokyoRope» өкілдері алғаш рет Атырауға 2018 жылы біздің өңір үшін өте өзекті зауыт өнімдеріне сұранысты қарау үшін келді, бұл габиондар - өзен жағалауларын нығайтуға арналған, сонымен қатар, бөгеттер мен көпірлерді тұрғызу үшін қолданылатын металл торлы каркастар. Нәтижесінде жапондық компания Нұрлан Ноғаевқа Махамбет ауылы маңындағы Жайық жағалауын габиондармен нығайтуды ұсынды.

- Мен жобаға қарсы емеспін, бірақ бюджетке ауыртпалық түсірмеу үшін жобаны өз қаржысына әзірлеп, жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыруды ұсындым, - деп жауап берді Ноғаев сол кезде.

Сонымен қатар, Атыраудан құны 3 млрд теңгеден асатын «TokyoRope» зауыты мен құны 27 миллион доллар тұратын заманауи медицина орталығын салу туралы талқыланды. Бұл жобалар туралы Н.Назарбаевқа 2018 жылдың тамызында оның Атырауға сапары кезінде баяндалды. Елбасы жобаларды қуана қолдады. 2018 жылдың желтоқсанында Токиода облыс әкімінің сол кездегі бірінші орынбасары Серік ШАПКЕНОВТІҢ қатысуымен «Махамбет ауылында ұзындығы 4,5 шақырым Жайық өзенінің жағалауын нығайту» МЖӘ жобасы бойынша меморандумға қол қойылды. Көп ұзамай мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Осындай қозғалысты көрген жапондықтар мұнайлы астанада кеңсесін ашуға шешім қабылдады. Бірақ Ноғаев Нұр-Сұлтанға кеткеннен кейін проблемалар басталды. 2019 жылы Атырауға келген «TokyoRope» басшылары облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТАН «мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үшін бюджет лимиті жоқ» деген жауап алды.

 

ЖАПОНДЫҚТАР МАХАМБЕТ ЖАҒАЛАУЫН ҚАЛАЙ ЕЛЕСТЕТТІ

Енді Махамбет ауданындағы жағалауды нығайту жұмыстары «Павлодар өзен порты» АҚ-на берілді. Иә, бұл миллиардтаған құны бар жобаларды жүзеге асырушы қазақстандық байыпты компания. Бірақ олар жапондықтар қалаған нәрсені жасай ала ма? Олар RockBox технологиясын қолданбақ болып еді. Қарапайым тілмен айтқанда: болат тордан жасалған қораптың ішіне тастардан жасалған «жаға» бекітіледі, ал ішіне Маңғыстау тастары қойылады. Бұл құрылымдар берік әрі экологиялық тұрғыда таза: тастар арасында балдырлар өседі, оларды балық қорек қылады, ал Жайық бойындағы жер асты сулары табиғи дренажды бұзбай, өзенге еркін қосыла алады. Бұдан басқа, жағалау бойына ұзындығы 4,5 шақырым жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын, демалыс орындарын, LED- жарық жүргізуді, 5 спорт алаңы мен 5 балалар ойын алаңын ұйымдастыру жоспарланды. Айтпақшы, бұл жобаға тек Назарбаев пен Ноғаев қана емес, Махамбеттің төрт ақсақалы қолдау білдіріп, Алматыға барып, Есентай өзенінің нығайтылған жағалауын  көріп қайтты.

Жағалауды нығайтумен қатар медицина орталығын салу жобасы да аяқсыз қалды. Дәлірек айтқанда, жоба қалады, бірақ оны жаңа медициналық техникалармен (тіпті, бұл техниканы қолдануды үйрену үшін Токиоға атыраулық 20 дәрігерді жіберу жоспарланған еді) жабдықтағысы келген жапондықтардың қатысуынсыз қолға алмақ. Енді оны кім салатыны әзірге белгісіз, тендер жарияланды.

Фархат АБИЛОВ

2 қыркүйек 2021, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.