Атырау, 18 желтоқсан 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

ҰБТ табыс көзі ме? Ұлттық буржуазия қашан ұлтқа қызмет етеді? Жат жұрттың табағына қашанғы телміреміз?

2 669 просмотра

AIKYN.KZ. «ҰБТ – табыс көзі ме?» - Төрт негізгі пәннен дайындық курсын өтуге ниетті әрбір оқушыға ата-анасы 20 мың теңге төлейді. Ал бесінші пәннің құны – 8000 теңгені құрайды. Яғни бір жылда ата-анасы екі жүз мың теңгеге баласын курстардан өткізеді.

BNEWS.KZ. «Қытайлық бизнесмендер Қырғызстан экономикасына 120 млн доллар инвестициялауға дайын».

HALYKSOZI.KZ. - «Абай жасында дүниеден озған» - Айта кетер тағы бір ерекшелігі, өз басым оны аса көпшіл болды дей алмас ем. Томаға тұйық, оқшаулау жүруді жаны жақтыратын. Өзінің көңіліне жаққан жандармен ғана талғап, шүйіркелесетін еді. Радио, теледидардан көп көрініп, сұхбаттар беріп, өзін жарнамалау жағына аса құмарлығы жоқ болды. Азар да безері шығып, жорналшылардың сауалдарынан қашқақтап жатарына сан рет куә болғаным бар.

EGEMEN.KZ. «Шексіз еркіндік дегеніміз – хаос» - «Мысалы, Түркияда халық жаз айларында балаларын көбінесе мешіттердің жанындағы Құран курстарына жіберіп, саналарын ханафи бағытымен сығымдайды. Ал біз көп болса жазғы лагерьге жібереміз. Ал онда ешқандай да дін сабағы берілмейді».

ALASHAINASY.KZ. «Ұлттық буржуазия қашан ұлтқа қызмет етеді?» - Қалтырап жүріп кіріптар күн кешкен жеткіншек қазақ руханиятына, қазақ саясатының кемел­де­нуіне, қазақ эконо­ми­ка­сының қарқындауына үлес қоса алмақ па? Кей кездері «жастар саясаты» дегенді кон­церт қоюмен таразылап жатамыз. Бұдан бас­қа жол қарастырып көрелікші... Мысалы...

«Жат жұрттың табағына қашанғы телміреміз?» - Ұлт­тық ыдыс-аяқта­рымыз қайда кет­кен деп Асан қайғының зарын қағуға да болмас. Бүгінде ағаштан ойып жасалған астаулар сәнге ене бастады. Қымыз ішетін ағаш аяқ­тар, ағаш қасықтар да сатылымға шық­ты. Бірақ олардың басым бөлігі көрмеге қоюға арналған. Ал бірді-екілі сатып алуға ниет еткендер болса, бағасы удай қымбат. Бір астауыңыз кемі 15 мың теңгеден баста­лып, 75 мың теңгеге бір-ақ жетеді.

ZHASALASH.KZ. «Бiр ғасырдың iшiнде Монғолияның аумағындай жерден айырылдық» - Шоқантанушы Назарбек Қанафин марқұм Заманбек Нұрқадiлов әкiм болып тұрған кезде Алматының төңiрегiне қазақтарды шоғырландырып, “Шаңырақты” құрып, жер телiмдерiн халыққа тең бөлiп заңдастырғанын, әр аймақтан келген қазақтың үй тұрғызуына қолғабыс болғанын жеткiз­дi. “Бiрақ Алматы қаласының сол кездегi әкiмi Иманғали Тасмағамбетов бұл үйлердi бұзуға тапсырма бердi. Шаңырағы шайқалған қаншама адамның көз жасы төгiлдi, қаншама адамның зарлаған үнi естiлдi? Сонда да билiктiң қылы қисаймады, халқына жаны ашымады...”

ULT.KZ. «Сайлау Байбосын. Шулы оқиғаның шындығы немесе полиция кімнің сөзін сөйлейді?» - «Егер Хусайындар мен оның сыбайластары лайықты жазаларын алса, бұл жақта ұрлық та тиылар еді. Бірақ құқық қорғау орындары оған құлықсыз болып отыр. Біз Хусайын секілділерді ата жұртты аңсап келген қандас бауырларымыз десек, жасап жүрген тірліктері осындай. Оралман статусын жамылып, ойларына келгенін істейді».

ABAI.KZ. «Бұл қандай жүйе, қандай билік?!» - М. Шаханов ағамыздың 12-3=? поэмасын жұрттың бәрі білетін шығар. Ондағы оқиға бүгінгі күні біздің қоғамымыздың барлық саласында орын алуда. Қазіргі қоғам сол формуламен өмір сүруде. Әркімнің айтар өз ойы бар. Бірақ қазіргі қоғамның шынайы бет-бейнесі көкірегі ояу азаматқа тайға таңба басқандай айқын.

«Қазақ баспасөзі – пәрменсіз, журналисті – дәрменсіз» - ХVIII ғасырда Питер Зенгердің басшылығымен «Нью-Йорк Уикли Джорнэл» атты алғашқы тәуелсіз американдық басылым жарық көре бастайды. Анығы, «A newspaper is the Eyes, the Ears and the Honest Voice of the nation» («Газета - халықтың көзі, құлағы һәм үні») деп американ жұртына тараған газет АҚШ-та сөз бостандығын қалыптастырды. Халық санасының оянуына соны серпіліс әкелді.

MASA.KZ. Серік САПАРҒАЛИ: Мен ешкімнің артына тығылмаймын - "Қамаудан босағанда, көп нәрсеге басқаша көзбен қарайсыз. Құзырлы органдардың қысымы мен түрлі жұмыс істеу әдістерін көресіз, естисіз. Өйткені менің жанымда сондай қысым көрген адамдар болды. Этаппен кетіп бара жатқанда, Ақтөбеде қамауда отырғанда өмір бойы қылмыс жасаған адамдармен бірге болуға тура келді. Біздегі құзырлы органдардың күштеу әдісімен жұмыс істейтініне көзім жетті".

6 ақпан 2013, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.