Атырау, 20 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өте қымбат болса да бәрі «Ремдесивирді» іздейді

1 940 просмотра

Соңғы күндері Атырауда вирусқа қарсы «Ремдесивир» препаратының жетіспеушілігі байқалды. Әріптесіміз оны екі күн бойы іздеп, бүкіл дәріхананы аралап, бәріне қоңырау шалған. Провизорлар қазір жұқпалы аурулар стационарларында жатқан көптеген науқастардың туыстары осы препаратты іздеп, сатып алып жатқанын атап өтті.

Бірнеше дәріхана оған «Ремдесивир» 10 тамызда түстен кейін саттыққа түседі деп уәде еткен. Сөйтіп, ол сол күні препаратты сатып алған. Провизорлардың айтуынша, бағасының өте жоғары екеніне қарамастан бірден өтіп кетеді екен: көк тамырға салынатын бір құтысының бағасы 24-36 мың теңге аралығында. Емдеу курсы үшін 10 данаға дейін сатып алынады.

- Атыраудың медицина ұйымдары «СК-Фармация» ЖШС порталына «Ремдесивир» препаратының 1713 құтысын сатып алуға өтінім берді. Кестеге сәйкес, жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Медицина ұйымдарының бір дистрибьютор сатып алатын дәрі-дәрмектер тізіміне енген бұл препаратты басқа көзден сатып алуға құқығы жоқ екенін атап өтеміз, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 тамыз 2021, 01:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.