Атырау, 26 желтоқсан 12:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Автобусқа «Ashyq» енгізілуде

1 417 просмотра

Атырау билігі қоғамдық көлік саласына да «Ashyq» енгізуге шешім қабылдады. Бірақ аурудың алдын алудың қосымша шарасы ретінде ғана.

Бұл жаңалық кешеден бері жұмыс істеп жатыр, бірақ көп сауал тудыруда. Көлікке отырар алдында жолаушылардың мәртебесі тексеріледі, бірақ смартфоны мен «Ashyq» қосымшасы жоқ адамдар бәрібір автобусқа жіберіледі. Мұндай жарым-жарты шараның қажеті қанша, дейді қала тұрғындары түсінбей. Биліктің ресми жауабын қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАР хабарлады.

- Жолаушылар қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасындағы QR кодын сканерлеу арқылы отырғызылады. Сондай-ақ, смартфон мен «Ashyq» қосымшасы жоқ жолаушылар да автобусқа жіберіледі. Бұл жоба тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін анықтаудың қосымша шарасы ретінде енгізілді, өйткені қоғамдық көлікте адамдардың шоғырлану ықтималдығы жоғары.

Мәртебесіне күмәнмен қарайтын жолаушыға телефоным жоқ деп, автобусқа жайбарақат отыруына не кедергі болады?

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

5 тамыз 2021, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.