Атырау, 23 желтоқсан 15:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астрахан трассасында болған апатта әйел тірілей жанып кетті

Сурет
2 148 рет қаралды

14 шілдеде күндіз Атырау-Астрахан трассасында 1996 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum және 1957 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Highlander көліктері соқтығысты. Нәтижесінде жолаушы әйел қаза болды - ол өртеніп жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті.

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы  (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

ПД баспасөз қызметі ұсынған суреттер

15 шілде 2021, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.