Атырау, 25 сәуір 09:00
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сағызда сарбазды "салтанатпен" қарсы алды

Бейнежазба
4 767 просмотра

Әлеуметтік желіде жүріп бара жатқан пойызбен жарыса жүгіріп, айқайлап, шулаған бір топ адамның бейнежазбасы таралуда. Пойызға шабуылдау кадрын еске түсіретін көрініс 4 шілдеде Қызылқоға ауданының Сағыз станциясында болған.

Сағыз ауылдық округі желілік полиция бөлімінің бастығы Болатбек ІҢІРБАЙДЫҢ айтуынша, осылайша жергілікті жастар әскерден оралған жерлестерін қарсы алған.

Қызылқоға ауданында, әдетте, бұрын да «дембелдерді» осылай у-шумен қарсы алатын, бірақ бұл станцияда пойызды тоқтату әрекеті бірінші рет болып отыр, дейді полицей.

- Бұлар аудан орталығының, совхоздар мен 3-ауылдың жастары. Пойыз әдеттегіше станцияда тоқтайды, жастардың вагондардың тоқтауын күтуге шыдамы жетпеген, - дейді Іңірбай.

Осы факт бойынша Сағыз ауылының екі тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл вагон баспалдағына жармасып шыққан 18-19 жастағы жігіттер. Оларға қатысты хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

5 шілде 2021, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.