Атырау, 27 сәуір 00:49
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қомақты тапсырыс берушілері бола тұрып, жұмысшыларына неліктен жалақы төлемейді?

Сурет
2 521 просмотра

Былтыр қыркүйек айынан бері «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «Атырау облысындағы газхимия кешені құрылысы» жобасының мердігері италиялық «Gruppo RF Kazakhstan» компаниясының 90-нан астам жұмысшысы жалпы сомасы 25 миллион теңге жалақыларын алмады, содан кейін «қысқартуға ұшыраған». Осыған қатысты жұмысшылар компанияның Атыраудағы кеңсесінің алдына жиналды, ол жерде «AЖ» тілшісі де болды.

«Gruppo RF Kazakhstan» ЖШС осы жобада бас мердігерлердің бірі болып саналатын «Базис-А» ЖШС-нің қосалқы мердігері болып жұмыс жасайды. Gruppo RF Kazakhstan бас директоры Италияда болғанымен, Атыраудағы жұмыстарды ерлі-зайыпты Светлана МҰРАТОВА мен Стефани АНТИМИ дөңгелетіп отыр. Жұмысшылардың айтуынша, олар жұмысшылардың құқықтарын таптап, адал еңбекпен тапқан жалақыларын бермей отыр. Бүгінгі күнге дейін компания жұмысшыларға 25 млн теңге, техникаларын жалға берген жеке кәсіпкерлерге 17 млн теңге қарыз.

Жұмысымызда адал істедік. Тек еңбегіміздің ақшасын ғана сұрап отырмыз ғой. Мысалы, мен ай сайын 230 мың теңге жалақы алуым керек еді, бірақ 3 ай болды, бір тиын да алмадым. Бала-шағамыз бен несиеміз бар. Жаңа жылда аш отырдық,- дейді маман Әділет ЖОЛДЫҒҰЛОВ.

Жұмысшылар ерлі-зайыптыларға осы орынды талаптарымен барған кезде, олар ақша жоқ деп шығарып тастаған. Сондай-ақ, кешікпей жұмысшылардың жұмыстан шығып қалғаны белгілі болды.

9 желтоқсанда қолымызға жұмыстан шығару жөнінде хабарламаны ұсынды да, бос екенімізді айтты. Біздің білуімізше, олар басқа жұмысшыларды алған. Осы дұрыс па?! Заң бойынша бір ай бұрын ескертіп, өтемақы төлеулері керек. Алайда жалақымызды ала-алмай жүргенде, өтемақыны тек армандауға болады, - дейді ашынған жұмысшылар.

Өз техникасын жалға берген Әлимұрат САЛИХОВ та ақшасын ала алмай жүр. 3 ай бойы жұмысшыларды автобуспен тасыған оған және жеке кәсіпкерлерге 17 млн теңге берілмеген.

Мен жұмысшыларды тасыдым. Алайда жұмыс орындалғаны жөніндегі актіге қол қоймады. Себебін де айтпайды. Енді ақша жоқ, қарызға батып жүрміз, - дейді Салихов.

Жұмысшылар Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына шағымданыпты. Олар тексеру жүргізген, бірақ сұхбаттасушыларымның пікірінше, ұзаққа созылып кеткен.

Жиналғандардың сөзіне сенсек, басқа жағынан жақсы жайттар да бар. Коронавирус пандемиясы бітпесе де, жұмысшылардан құрылыс алаңына кірерде ешкім ПТР тест сұрмаған. Бұдан басқа, олардың айтуынша, желтоқсан айында 48 жастағы жұмысшы құбырға қысылып, ауыр өндірістік жарақат алған. Алайда бұл жөнінде ЖШС тиісті органдарға хабарламаған.

Біз Стефано Антимимен және Светлана Муратовамен байланысып, осынау жағымсыз жағдайға қатысты олардың пікірін білгіміз келді. Бірақ, біздің мәліметіміз бойынша, жұмысшылар талаптарын айтып, алғаш барғаннан кейін олар телефон нөмірлерін өзгертіп тастаған, ал кеңсеге келмей жүр екен.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

18 қаңтар 2021, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.