Атырау, 18 желтоқсан 14:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Капитолийдегі жағдай Кремль үшін сыйлық па?". "Отандық вакциналар туралы деректер неге құпия?". "Прокурормен келісімге Тоқаевтың кеңесшісі көндірді". Серікжан Біләш Қазақстаннан неге кетті?". "ҚазҰУ-дың жерін «жеп» қойған кім?".

20 172 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Капитолий шабуылы: Трамп жақтастары АҚШ Конгресіне басып кірді» -  Конгрестің Сенат және Өкілдер палатасының біріккен отырысында 50 штаттың атынан келген дауыс берушілер алқасы президенттік сайлаудың қорытындысын жариялау керек болатын. Алайда АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың жақтастары Вашингтондағы Капитолийдегі полиция қоршауынан өтіп, Конгресс ғимаратына басып кірді. Джозеф Байденді жеңімпаз деп тануға наразы топ АҚШ парламентінің қарашадағы президент сайлауының нәтижесін куәландыруға арналған ортақ отырысын тоқтатып тастады. 

«Қырғызстандағы сайлау: Садыр Жапаров Қытайдың адамы ма?» - Қырғызстанда президенттік сайлау өтетін күн жақындаған сайын талапкерлер арасындағы және сайлаудағы административті ресурстар, заңның сақталуы, сондай-ақ, Конституциялық референдумның заңдылығы қатарлы мәселелер бойынша қоғамдық пікір талас тіпті де күшейе түсті. Президенттікке талапкерлер екінші рет телеарнада пікірталасқа шықты, алайда, негізгі талапкер саналған және қырғыз билігін қолына ұстап отырған Садыр Жапаров пікірсайысқа екінші рет қатыспай қалды. Сонда да оның бұл әрекеті оған деген сын-пікірлерден қорғап қалған жоқ. 

«Трамп билігінің «өкініші»: Помпеоның көзімен қарағанда» - Дональд Трамп АҚШ президенті болып келгелі бері әлемнің гео-саяси бейнесіне аз болмаған өзгерістер кіргені шын. Орта Шығыста жаңа бет-бейне қалыптасты, Батыс пен Қытайдың қарым-қатынасы өзгерді. Бұдан тыс, Трамп билігі Солтүстік Кореямен ең көп диалогқа келген америкалық үкімет болып қалды. Енді міне, Ақ үйдегі биліктің алмасуына қатысты пікірталастың қайта өршуіне қарамастан, көптеген ақпарат құралдары Трамп үкіметін АҚШ-тың ескі билігі қатарында санай бастады. Осы тұста Ақ үйдің бас дипломаты, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Трамп үкіметінің «әттеген-айларын» айтып өткен екен.

AZATTYQ.ORG. «Дариға Назарбаеваның "оралуы", Тоқаевтың "опа-далабы", сұрқай науқан. Виктор Ковтуновский саясат пен сайлау жайлы» - Қазақстан экс-президентінің қызы Дариға Назарбаева парламентке не үшін бармақ? Неліктен осы сайлауға түсіп жатқандардың арасында не оппозициялық, не жаңа партия жоқ? Саясаттанушы Виктор Ковтуновский Азаттыққа берген сұхбатында аяқталуға таяған сайлау науқаны және сайлаудан кейін не күтіп тұрғаны жайлы ой-пікірін айтты.

"Демократия мерекесі аяқталды". Капитолийдегі жағдай Кремль үшін сыйлық па?" - Ресейдегі кей топтар үшін Вашингтондағы тәртіптсіздік "Америка енді бағыт-бағдар бере алмайды, ондай құқығынан айырылды" деп табалауға сылтау болды.

«Назарбаев тұсындағыдан айырмасы шамалы парламент сайлауы» - 10 қаңтарда Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгелі бірінші рет парламент сайлауы өтеді. Бірақ саяси науқан бұрынғыларға ұқсас өтіп жатыр. Додаға оппозициялық партия қатыспайды, билік дауыс беру қарсаңында қарсылық атаулыны басып тастап отырғандықтан, сайлау нәтижесі қалай болары әдеттегідей күні бұрын белгілі.

"Прокурормен келісімге Тоқаевтың кеңесшісі көндірді". Серікжан Біләш Қазақстаннан неге кетті?» - Түркияда тұрып жатқан белсенді Серікжан Біләш Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстаннан не себепті кеткені, 2019 жылы үйқамақта отырғанда Қазақстан президентінің кеңесшісі өзіне қандай шарт қойғаны, тергеумен келісімге қалай келгені туралы айтып берді.

NEGE.KZ«Отандық вакциналар туралы деректер неге құпия?» -  Бір апта бұрын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын ектіргені туралы ақпарат пен суреті жария болды. Б.Сапарбаев екпені клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде еккізгенін хабарлапты.

«Сиыр жылы. «Саяси жауырыншылар» не дейді?» - Дүниені иріп әкеп, інге тыққан тышқан жылынан балаша қуана құтылып, есігімізді айқара ашып кірген сиыр жылынан елдің күткен үміті көп. Десе де, бұл жолғы үміт қоңды кездегіден өзгешерек тәрізді. Үміттен гөрі күдіктің таразы басы салмақ тартып отыр. «Алдағы жылдан не күтеміз?» деп сұрау салып көргенімізде, сарапшыларымыздың дені келер күндерімізді күңгірт бояумен суреттеп берді.

«Біз жинаймыз, сіздер жаратыңыздар». Зейнетақы триллиондары неге маза бермейді?» - БЖЗҚ – жаңа Ұлттық қорға айналып барады. 2021 жылдың басында қазақстандықтардың зейнетақы қорында жинақталған қаржысы 12,7 триллион теңгеге жетті. Бұл сома ақшалай емес, құнды қағаздарға күйінде сақталған.

«Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты» - Global Economic Prospects-тің 2021 жылғы 5 қаңтардағы жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылы әлемдік экономика серпінін бағалауды арттыру жағына қайта қарады.

AIKYN.KZ. «Халқына жақындар әкім бола ма?» - "Мектепте «Егер мен әкім болсам…» деген тақырыпта шы­ғарма жазуға берілетін тапсырма есіңізде ме? Сол кез­де ауылымызды қала тұр­мақ жұмақ қылатындай қиялға беріліп, барымызды салып жа­затынбыз. Міне, сол шығар­мада ойға алғанын іске асыру­ды армандап жүргендерге 2021 жылдан бастап мүмкіндік туады. Себебі келесі жылы ауыл әкімдері тағайындау мен емес, халықтың дауысымен сайланатын болады. Бұл сая­си трансформацияға қатысты сарапшылар қандай пікірде? Болашақта қала, облыс бас­шылары да осылай сайлана ма?

«Ұлы шахмат тақтасы»: Ойын әлі біткен жоқ» - Әйгілі  саясаткер  Збигнев Бжезинскийдің  «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегі бар. 1997 жылы жарық көрген. Сол кітапта  саясаткер Украинаны  ТМД кеңістігіндегі  батысшыл орталықтардың біріне балаған. Бірақ саясаткер үміт артқан ел бүгінде аумақтық тұтастығынан айырылып қалды. Оған елдегі түрлі саяси топтардың ауызбіршілік таныта алмауы мен айларға созылған ереуілдер, биліктің әлсіздігі себеп болған еді.

«Маңғыстауда жол жиегіне 13 «түйе» мен «жылқы» не үшін орнатылады?» - Жануарлардың муляжын полицейлер жолдың қауіпті бөліктеріне орнатады. Облыстық Полиция департаменті мамандарының айтуынша, жылдамдықты шектен тыс асыру мен жолда қараусыз жайылып жүрген мал жол апатына жиі себепкер болады.

«Ереуілшілер ескерткішпен селфиге түсті…» - Осы сәрсенбіде АҚШ кон­гре­сінің мүшелері барлық дауыс­ты санап, президент сай­лауының жеңімпазын анық­­тамақ болған. Бұған дейін де­мократтардың өкілі Джо Байден жеңгені мәлім еді. Дегенмен Дональд Трамп­тың жақтастары Кон­гресс жайғасқан Капитолийге басып кіріп, ғимаратты жау­ламақ болды. Әлемдік БАҚ мұны Трамптың ұйымдас­тырған төңкеріс әрекеті, бас­сыздық, АҚШ тарихындағы қаралы күн деп бағалап жатыр.

ZHASALASH.KZ. «ҚазҰУ-дың жерін «жеп» қойған кім?» - Қазақстандағы кәдімгі «жер жегіш» жемқорлардың жауы, жершіл заңгер Бақытжан  Базарбек кезекті шу шығарып отыр. Құжаттарды тіміскілеп зерттеген ол еліміздегі ең жетекші ЖОО-лардың бірі, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі болған үлкен аумақтың университет меншігінен «қашып кеткенін» әшкерелеп жіберді.

«Бүйірі ортайған бюджет: Үкімет қолда бар қаражатты ұқсата ала ма?» - Жаңа жылда қазақстандықтарды әлеуметтік, білім беру және салық салаларында бірқатар жаңалықтар күтіп тұр. Қазақстанда АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы өседі.

«Ковид мутацияланды, бұл жолы балаларға зиян – эпидемиолог» - Ал Лондон патшайымы Мэри университетінің эпидемиология бойынша аға оқытушысы Деепти Гурдасани коронавирустың «британдық» штаммының қаупі туралы айтты. Оның айтуынша, коронавирус мутацияланды, ол балаларға зиян. Әсіресе 19 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге жұқпалы болып келеді, осы жас тобында симптомдары тууы мүмкін.

«SARS-CoV-2: Қытай нені жасырып отыр?» - Ухандағы базарда SARS-CoV-2-нің адамдарға жануарлардан берілген деген нұсқасы кең таралған. Алайда адамға алғашқы инфекция жұқтырған нақты бір жер туралы біржақты ақпарат жоқ. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ұқсас белгілері бар аурулар АҚШ-та 2019 жылы тіркелген.

8 қаңтар 2021, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.