Атырау, 21 желтоқсан 07:05
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қоқыстарды бөлек сұрыптау: сананы өзгерту керек

Сурет Бейнежазба
5 062 просмотра

Неліктен Атырауда қалдықтарды бөлек жинау қиындықпен жасалып жатыр, содан кейін ол қатты қалдықтарды не істейді? Бұл туралы өткен жылы ашылған қалдықтарды сұрыптау кешенінің директоры Олег ЯНУШКОМЕН әңгімелескен едік.

- Мұндай бастамалардың барлығы Қазақстанда және көршілес Ресейде бірдей проблемаға тап болды: адамдар қалдықтарды бөлек сұрыптап, қоқысқа бөлек тастаса да, бір машина келіп, оған бүкіл қоқысты бірге үйіп, тиеп кетеді. Ал пластик, әйнек, қағаз, целлофан бөлек жиналатын әр контейнерге қоқыс шығаратын бөлек көлік қажет. Бізде әзірге бұл жоқ, - дейді О.Янушко. – Екінші мәселе - өкініше орай, адамдардың көпшілігі қоқыстарды бөлек жинауға дағдыланбаған. Бұл біздің менталитетімізге қатысты мәселе. Еуропада балабақшадан бастап қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін көп күш жұмсалған. Бұл ұзақ процесс.

Бірақ біз қол қусырып отырмаймыз. Қазір адамдар ең болмағанда қоқысты екіге бөліп сұрыптайтындай болса деген мәселені көтеріп отырмыз.

- Бұл туралы толығырақ айтып беріңізші.

- Біздің жобаға сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын алаңдарда тамақ қалдықтарына арналған контейнер, азық-түлікке жатпайтын қалдықтарға арналған контейнер және үйінде қалдықтарды сұрыптауға ерінетіндерге арналған үшінші контейнер орнатылуы тиіс. Үш контейнер және қоқыс шығаратын техниканың үш түрі болады. Біз жобамызды әкімдікке тапсырдық, қазір ол талқылануда. Бұл қосымша инвестициялар мен ресурстарды қажет етеді. Мысалы, қоқыс таситын көліктер қазіргіден де көп қажет болады.

- Сіздің кешен жұмыс істеген жыл ішінде қоқыстың көп мөлшерін сұрыптады. Одан кейін не болады?

- Бұл да проблема. Бізде ұзақ уақыттан бері қоймаларымызда сұрыптау үрдісінен өткен 45 тонна картон және 30 тонна целлофан үлдірі сақталып тұр, оны өзіңіз де көрдіңіз. Ал қазіргі проблема - осы қайталама шикізатты біреуге сатуда болып отыр. Мысалы, Алматыда бізден картонның алғашқы партиясын қабылдады, содан кейін олар енді жібермеңдер деді. Оған бір ғана себеп: біздің картон мен целлофан органикалық (тамақ) қалдықтармен бүлінген, яғни қайта өңдеу үшін оны алдымен жуу керек. Бұл қосымша шығындар, ал Қазақстанда мұндай технологиялар жоқ.

- Ал енді оны не істеу керек?

- Біздің қайталама шикізатты осы күйінде қабылдайтындарды іздейміз, соның ішінде Ресейден де.

- Сіздерге әкелетін қоқыстан қандай қайталама шикізат шығаруға болады?

- Азық-түлік қалдықтары азық-түлік емес қалдықтармен араласқандықтан, қатты қалдықтардың 12-15 пайызын ғана шығарамыз. Қалғаны қоқыс полигонына кетеді. Егер тамақ қалдықтары бөлек болса, біз қайта өңделетін шикізат шығаруды үш есеге арттыра алар едік.

- Қазір өңдеуге не тапсырып жатырсыздар?

- Пластик баклажкалар, макулатура және металл сынықтары. Айтпақшы, пластикті өзіміз де өңдей алар едік, технологиялық желі бар. Бірақ инженерлік желілердің жоқтығынан оны іске қоса алмаймыз. Келесі жылы су мен газды қосса, желі де жұмысын бастайды деп үміттенеміз.

- Қалдықтарды сұрыптау кешеніне қанша қаржы салынды?

- Шамамен 200 миллион теңге, бұл жеке инвестордың ақшасы.

- Қазір, менің түсінуімше, сізде шығындар бар, ол өзін-өзі қашан өтейді?

- Оған әлі көп бар.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

18 қараша 2020, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.