Атырау, 18 желтоқсан 15:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Қарабақ үшін Ресей мен Түркия соғысуы мүмкін".​ "Әміржан Қосанов әлі ақталып жүр​". "Қаржыгерлер мен экономистер НЕГЕ дүрдараз?". "​Өлім жазасын жою. Конституция бабына келгенде пікір екіге жарылды​". ​"Таулы Қарабақ. 30 жылдық текетірестің хроникасы".

17 658 просмотра

NEGE.KZ. «Әміржан Қосанов әлі ақталып жүр» - Саясаткер Әміржан Қосанов президенттік сайлаудағы әрекеттері үшін әлі ақталып жүр. Ол сайлаудан соң біраз уақыт БАҚ-тан көрінбей, тіпті, әлеуметтік желілерде де тым-тырыс қалған. Елдің ашуы басылды-ау деген сәтте, яғни, соңғы кездері ел алдына қайта шыға бастады.

«Қашықтан оқу: «Bilim Media Group» миллиардтарды қалай алып отыр?» - Әлемді шарпыған індет қоғамның әр саласына түбегейлі өзгеріс әкелді. Әсіресе, бұрын-соңды қашықтан оқу жүйесінің не екенін білмейтін ұстаз қауымы абдырап қалғаны анық. Тіпті, олардың қай платформа тиімді-тиімсіздігін де ажыратуға технологиялық сауаты жетпейді. Содан ба екен, әр мектеп басшылығы елімізде қолданысқа енген 8-9 платформаның бәріне құлдық ұрып жүр.

«Сот процесі: Оразалин істі болған орынбасарымен не туралы сөйлесті?» - Естеріңізде болса, Nege.kz порталы Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталғаны жөнінде бірінші болып ақпарат берген.

«Кім популист? Қаржыгерлер мен экономистер НЕГЕ дүрдараз?» - Тәжірибелі банкир Үміт Шаяхметова зейнетақы жинағының бір бөлігін азаматтарға беруді «популистік шара» деп атады. Оған танымал экономист Олжас Құдайбергенов фейсбукте жауап берді. Келесі жылы президенттің осы бастамасы экономистер мен банкирлер арасын біржолата суытуы мүмкін.

«Қарабақ үшін Ресей мен Түркия соғысуы мүмкін» - «Қарабақта ешқашан бейбітшілік орнамайды». Бұл – кейбір сарапшылардың берген бағасы. Өйткені, Армения мен Әзербайжан ешқашан бірін-бірін тыңдамайды. Олардың сыртында күштілердің мүддесі жатыр. Алып елдердің геосаяси майданына айналып кеткен. Халықаралық қауымдастық әзірге тек ұрысты тоқтатуға шақырумен шектеліп отыр.

AZATTYQ.ORG. «Өлім жазасын жою. Конституция бабына келгенде пікір екіге жарылды» - Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту туралы халықаралық маңызды құжатқа қол қоюын халықаралық ұйымдар құптады. Ұлттық заңда оннан астам қылмыс түріне, соның ішінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қастандық жасаушыға да өлім жазасы қарастырылған. Құқық қорғаушылар өлім жазасы туралы бап жазылған "Конституцияға өзгерту енгізу қажет емесін" айтқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен келіспейді.

«Таулы Қарабақ. 30 жылдық текетірестің хроникасы» - 30 жыл бұрын армяндар мен әзербайжандар арасында Таулы Қарабақ өңірі үшін туған кикілжің ашық қақтығысқа ұласты. Бұл СССР аумағындағы бірінші этносаяси жанжалға айналды.

«Жоқ экс-президенттің миссиясы. Орталық Азияда тағы бір Конституция өзгертілді» - Орталық Азия елдерінің басшылары билікте ұзақ отырған сайын Конституция жиі өзгеретін аймаққа айналып келеді. Түркіменстан негізгі заңына тағы да өзгертулер енгізді. Бұл қандай өзгертулер еді, оны сарапшылар қалай бағалайды?

«Храпунов пен Әблязов және "стан" елдеріндегі еркіндікке ұмтылған жас буын» - Бұл аптада әлем баспасөзі триллиондаған доллар "күдікті" ақшаны жөнелткендердің арасында болған қазақстандықтарды сөз етті. Бұған қоса шетел басылымдары Орталық Азиядағы жас буынның еркіндікке ерекше ұмтылатынын және Қазақстанның мұнай табысына әлі де тәуелді екенін ескертті.

«Студенттің қашықтан оқуы. Пошта арқылы дәріс пен жылдамдығы баяу интернет» - Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқуға көшкен. Бұл әсіресе шалғай ауылда тұратындарға қиын. Азаттық тілшісі онлайн білім алуға тырысып жүрген студенттермен сөйлесіп көрді.

QAMSHY.KZ. «"Біз Ресей губерниясы емеспіз". Латвия депутаты орыс тілі туралы пікір білдірді» - Латвия парламенті – сеймнің депутаты Атис Леиньш Latvijas Avize басылымында жарияланған мақаласында "Прогрессивтер" партиясының өкілі Антонина Ненашеваның прибалтика республикаларындағы орыс тілінің маңызды рөлі туралы пікірін айыптады.

«"Екі күн аш болдым". Қуат Хамитов түрмедегі жағдайын айтып берді» - Белгілі спортшы Қуат Хамитов өзінің қалада дезинфекция жасап жүргендермен күрес жүргізу керегін, ешкімнен кешірім сұрамағанын, сондай-ақ ұсталғаннан кейін қалай аштыққа ұшырағанын мәлімдеді. 

AIKYN.KZ. «Құс тұмауы: ет пен жұмыртқа қымбаттай ма?» - Қазақстанда тұмаудан қырылған құс көбейіп барады. Солтүстік өңірлерде кем дегенде 100 мыңнан астам қаз-үйрек пен тауық өлген. Бірнеше аймақта карантин жарияланды. Дендеген дерттің алқымнан алатын түрі бар. Бизнесті де, бұқараны да. Кейбір пессимистер теріскейдегі құс фабрикалары тұтастай жабылып қалуы мүмкін деп қара аспанды төндіреді. Ал мұның салдары мен салмағы ауыр. 

«Жалақысын ала алмай жүргендер қайтпек?» - «Құлагер» құрылыс компаниясына қарасты «Сұңқар күзет» агентігінде күзетші болып жұмыс істеген 62-і жастағы Марат Жәнібеков бір жыл болды айлығын ала алмай жүр. Құрғақ уәдеден шаршаған оның соңғы үміті Еңбек инспекциясында.

«144 миллиард теңгені жымқыру: Жомарт Ертаев бостандыққа шыға ма?» - Айыпталушы Жомарт Ертаев: «Үш жылдан астам уақыт қамауда отырғанымды, істеген ісіме өкінетінімді, шығынның едәуір бөлігін төлегенімді ескеріп, мені бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын, құрметті судья! Ақшаны көріп, жолдан тайдым. Өкінгеніммен, еш нәрсе өзгерте алмаймын. Бірақ барлықтарыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын», – деді.

29 қыркүйек 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.