Атырау, 18 желтоқсан 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​"Квазисектордың қызығын кім көреді?​". "Қайырлы таң, Калачи! Ұйықтаған ауыл қазір қалай өмір сүріп жатыр?​". "Шенеуніктер отбасы жаңа шектеуге ілігеді​". "Біртановтың басына да бұлт үйірілді ме?​".

15 339 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстанды еске түсіреді". Тәжікстандағы президент сайлауы, Рахмон және "басқарылатын" кандидаттар" - Тәжікстанда президент сайлауына түсетін кандидаттар тіркеуден өтті. Бес үміткердің екеуі бұрын да сайлауға түскен. Кандидаттар кім, олардың бағдарламасы қандай?

«Қайырлы таң, Калачи! Ұйықтаған ауыл қазір қалай өмір сүріп жатыр?» - 2013 жылы Қазақстанның солтүстігіндегі Калачи деп аталатын шағын ауылда белгісіз дерт басталған: адамдар бірнеше тәулік қатарынан ұйықтап, оларды дәрігерлер де оята алмаған. Ауылға арнайы келген ғалымдар да аурудың себебін анықтай алмады. Билік жергілікті халықты басқа жаққа көшіруді ұйғарды, бірақ көшкісі келмеген кейбіреулер ауылда қалды. 

«"Порновидеоға бола итті азаптаған". Қазақстанда жануарды қинаған қаныпезердің жазасыз қалатыны қалай?» - Жануарлар құқығын қорғаушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы қараусыз қалған жануарларға тұратын изолятордан жыныс мүшесі зақымданған иттерді тапқан. Еріктілер жануарларға белгісіз біреулер зорлық көрсеткен деп санайды, мұны ветеринар дәрігердің қорытындысы да растайды. Иттерді асқан қатыгездікпен қинағанына дәлел бұл оқиға қоғамда жануарларды қорғау заң жүзінде ақсап тұрғанын тағы да еске салды.

«"Құлыбаевтың зауыты", Қытайдың шапағатын көрген қазақ бизнесі және қымбат мұнай дәуірінің "ақыры"» - Осы аптада әлемдік басылымдар мұнайға сұраныстың күрт құлдырайтыны, Құлыбаевқа тиесілі делінетін зауыттың ауа мен суды ластап жатқаны, Қазақстан халқының Қытай инвестициясынан қауіп ететіні, бірақ басқалардың сол инвестиция үшін Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуына көз жұма қарап отырғаны туралы жазды.

«"Басбұзарлар, маскүнемдер". Авторитар басшының наразыларды қаралауы – "Совет одағының мұрасы"» - Беларусь президенті Александр Лукашенко елде билікке қарсы наразылыққа шығып жүрген жұртты "арақ ішіп, есірткіге еліткен" деп қаралады. Постсоветтік елдердің басым бөлігінде президенттер үкіметке наразылық білдіріп шеруге шыққандарды "маскүнем, нашақор, қылмыстық топ мүшелері" деген түрлі теңеумен жиі кекетіп-мұқатады. 

BAQ.KZ. «2019 жыл. Әлемдік медицина тап болған кедергілер» - 2020 жылды жаһан елдері көпке дейін ұмытпасы хақ. Әлемді жайлаған ғасырлық індет келтірген, келтіріп те жатқан залалдың салдарын жеңу оңай болмайды. Бұл осы және одан кейінгі жылдардың жүгі. Ал, 2019 әлемдік медицина саласын қандай қыспаққа алған еді, еске түсіріп көрсек.

«Қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қандай шара қолданылады?» - Соңғы сегіз айда қаржы пирамидаларына қатысты 37 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті.

NEGE.KZ. «Біртановтың басына да бұлт үйірілді ме?» - Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің екі айға қамалғанын бұған дейін жазғанбыз. Бүгін қаржы министрлігінің қаржылық миониторинг комитетінің төрағасы Жанат Элиманов О.Әбішевтің ісіне қатысты біраз жайтты мәлімдеді.

«Қыжыртпа. «Nur Otan» НЕГЕ жау шақырып жүр?" - Биыл жұрттың тіліне іліккен су жаңа екі сөз болса, соның бірі – коронавирус та, екіншісі – праймериз. Алғашқысы тым қатты келді. Бірақ ешкімді алалаған жоқ. Сондықтан одан бай мен кедей тең қорықты. Праймериз алашапқыны да дәл сондай «әділ» болмағанымен, біршама әдемі келе жатыр.

«Пандемияның екінші толқыны. НЕГЕ ел де, экономика да оған дайын емес?» - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші толқынынан қашып құтыла алмайтынымызды мәлімдеді. Қазақстан оған дайындық жолында дәрі-дәрмек қорын жасақтауда. Бірақ карантинге экономика дайын ба?

«Tengri Bank лицензиясынан неге айрылды?» -  ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылуына қатысты пікір білдірді.

AIKYN.KZ. «Квазисектордың қызығын кім көреді?» - Биыл мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер саны 10 пайызға,  келесі жылы 15 пайызға қысқаруы тиіс. Қысқартудан үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлер жалақысын көбейту көзделіп отыр. Бұл қысқартуда да саланың ең төменгі буынындағы  жұмысшылар «құрбан» болып кетпей ме деген алаң бар. Себебі қай қысқартуда да топ-менеджерлердің ұпайы түгел шығады, жалақысы да жыл сайын өсіп тұрады. Ал олардың жұмысынан экономикамызға келген пайда бар ма? Жалпы, біздің елде квазисектордың қызығын кімдер көріп жүр?  

«Шенеуніктер отбасы жаңа шектеуге ілігеді» - Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Сондай-ақ сенаторлар жалпы отырыста «Кейбір заңнамалық актілерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды ІІ оқылымда қабылдап, Президенттің қол қоюына жолдады.

«Компьютерлердің бағасы неге қымбаттады?» - Елімізде қашықтан оқуға көшкелі бері компьютерлік техникалар мен оқуға арналған жиһаздардың саудасы қыза бастады. Ресми мәліметтер бойынша елімізде 3 млн оқушы бар десек, соның 1 млн-ы компьютерге мұқтаж екен.

21 қыркүйек 2020, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.