Атырау, 22 желтоқсан 08:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда қандай ауру түрлері азайған?

2 500 рет қаралды

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мамандары Қазақстанда қандай ауру түрлері азайғанын айты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық қызметтер 97 жұқпалы ауруға мониторинг жүргізіп, жарты жылдың қорытындысы бойынша 61 инфекциядан сырқаттанушылық азайғанын хабарлады.

"Атап айтқанда, серозды менингитпен (14,6 есеге), іріңді менингитпен (4,8 есеге), сальмонеллез (2,5 есеге), ротавирустық энтеритпен (38,2 пайызға), бруцеллезбен (46,1 пайызға), көкжөтелмен (26 пайызға), менингококк инфекциясымен (26,8 пайызға), қызылшамен (3,2 есеге), туберкулезбен (27,3 пайызға) сырқаттанушылықтың төмендегені байқалды", - делінген хабарламада.

2020 жылдың басынан бері Қазақстанда оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтырма, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызамық аурулары тіркелмеген.

14 тамыз 2020, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.