Атырау, 19 сәуір 22:13
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды

2 428 просмотра

Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус инфекциясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу мәселесіне тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

"Шетелдік жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын", - делінген министрлік ақпаратында.

Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студент университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Студенттер 8 7172 74-16-24 нөміріне дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласып кеңес ала алады.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 тамыз 2020, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.