Атырау, 25 сәуір 13:34
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды - Денсаулық сақтау министрлігі

2 632 просмотра

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ босаңсуға болмайды. Ендігі міндет - вирусты жұқтыру мен болып жатқан өлімді тоқтату", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. 

Статистика бойынша, биыл 13 наурыздан бастап, Қазақстанда 99 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, жазылып шыққандар саны - 72 523 (72,9 пайыз), стационарларда 4713 адам және амбулаторлық жағдайда 20937 адам ем қабылдап жатыр.  

"Науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69 адамның денсаулығы - өте нашар деп бағаланады. Жалпы 70 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр", - деді Бағдат Қожахметов.
10 тамыз 2020, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.