Атырау, 25 қараша 04:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Төрт жыл жарықсыз отыр

1 869 просмотра

Махамбет ауданына қарасты Алмалы селолық округінің Ғали Орманов, Мұқан Төлебаев көшесінің тұрғындары осымен төртінші жылды жарықсыз өткізуге мәжбүр.

Олардың жазған арыздарына биліктен келген жауап мынау болды: бюджетте электр тарату желісін жүргізуге қаражат жоқ. Ал 2011 жылдың аяғына қарай Алмалыда жарықсыз отырған Ғали Орманов, Мұқан Төлебаев, т.б. көшелерге электр жүйелерінің соқалары тартылады. Алайда басталған іс артынша аяқсыз қалған. Жарықты әне келеді, міне келедімен ұзақ күткен тұрғындар артынша аяқталмаған жобаның мән-жайын білмекке қайтадан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен байланысқа шығады. Басқарма мамандары бұл жайды әрқалай түсіндіреді: бірі трансформатор жоқ десе, енді бірі «Атырау Жарық» мекемесінің тарапынан техникалық шарттар жоқ дейді. Тағы бірі бұл жобаның басынан-ақ дұрыс еместігін айтқан.

Осы мәселеге байланысты біз комментарий алу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ресми сауал жолдадық.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының

инженерлі инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің маманы Асан НҰРҒАЛИЕВ:

- Бұл жерлерді «Атырау облысының елдімекенін электрлендіру» жобасы бойынша жүргізіледі. Әзірге жобаға түзетулер енгізіліп жатыр. Сондықтан да электрлендіру жұмыстары алдымыздағы 2013 жылдың аяғына қалдырылады.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.