2020 жылдың алғашқы алты айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 адамға төлем жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 30,2 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 19,2 миллиард теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер- 16,8 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер - 13,7 миллиард теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер - 1,4 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер - 805 миллион теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгені құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.