Атырау, 2 мамыр 20:46
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Кондиционер пневмония тудыруы мүмкін бе

2 518 просмотра

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов коронавирусқа қатысты онлайн сұхбат өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат

Маман халық арасында таралған өтірік-шыны аралас гипотезаларға да түсінік берді. 

«Кондиционер үнемі жедел вирустық респираторлы ауруға шалдыққан, суық тиген адамның жағдайын одан әрі асқындыруы мүмкін факторға жатады. Көшеде, офисте, көлікте 35-40 градус ыстық болған кезде адамдар салқындау үшін кондиционер орнатады. Ыстықтап келіп, салқын ғимаратта салқындаған адам қайтадан ыстыққа шыққанда ағзада температура ауытқиды. Бұл иммунитеттің әлсіреуіне әкелуі мүмкін», - деді А.Малбасқанов. 

Оның айтуынша, адам түрлі инфекцияны жұқтырмау үшін кондиционер фильтрін уақтылы ауыстырып тұруы тиіс. Бөлме табиғи жолмен желдетіліп тұрса, сол ең абзалы болмақ. 

«Кондиционер қосқанда біз есік, терезені жауып жүреміз. Аппарат бір бөлмедегі ауаны ғана алмастырады. Сондықтан кондиционері бар бөлмеде де вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Әсіресе фильтрі ауыспаған жағдайда. Себебі ескі фильтр клебсиелла, легионелла бактерияларын таратуы мүмкін. Олар – лас жерде өсетін микроорганизмдер. Бұл бактериялар да пневмонияға әкеледі», - деді ол.


27 шілде 2020, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.