COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан кейбір дәрілерді тегін ала алады.
«Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылы қабылданған 666 бұйрығына сәйкес жекелеген аурулары бар азамат мен жекелеген санаттағы азаматтар дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне сәйкес амбулаториялық деңгейде респираторлық ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекті ала алады. Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған тегін дәрілер, соның ішінде COVID-19-ды амбулаториялық деңгейде емдеуге МӘМС қаражатының есебінен мынадай дәрілермен қамтамасыз ету қарастырылған: балаларға азитромицин, амоксоциклин, цифуракцин, яғни бактерияға қарсы дәрілер және дене қызуын түсіретін ибупрофен және парацетамол. Ересектерге азитромицин мен амоксоциклин бактерияға қарсы дәрілері беріледі», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов ОКҚ брифингінде.