Атырау, 16 қаңтар 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Жағдайы ауыр науқастарды емдеуге 1,5 миллион теңгеден бөлінеді

2 821 просмотра

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирустық инфекцияны диагностикалау, емдеу және оның асқынуына байланысты барлық шығынды медициналық ұйымға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры науқастардың жағдайының деңгейін ескере отырып тарифтер әзірледі", - деді Төкежанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, коронавирусты жеңіл өткізіп жатқандардың емделуіне 292,6 мың теңге, орташа деңгейдегі науқастарға - 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастарға 1,5 миллион теңге бөлінеді. Ал жағдайы өте нашар науқастардың емделуіне әрқайсына қор 1,7 миллион теңге бөледі. 

"Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғаныш заттарына кететін шығыс орта есеппен 40 пайызға өсті. Науқастар үшін стационар деңгейінде және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика КВИ және пневмониясы барларға тегін көрсетіледі", - дейді Қор басшысы.
27 шілде 2020, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.