Атырау, 3 мамыр 04:33
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ақтауда адамдар демалып жүрген жағажай басшылығы жазаланды

3 130 просмотра

Ақтауда рейд кезінде карантин режимін өрескел бұзылған жағажай назарға ілікті. Тәртіп бұзғаны үшін басшылыққа 320 мың теңгеге жуық айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Lada.kz порталына облыстың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, қаланың төрт демалыс орнына тексеріс барған.

"Достар" қонақүй кешені мен жағажайда карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Санитар дәрігерлердің айтуынша, бұл жерде маска тағу, арақашықтық, дезинфекциялық режимдер сақталмаған.

Сонымен қатар, бассейн жұмыс істеген, алайда бұған тыйым салынған. Сарапшылардың пікірінше, ақылы жағажай әкімшілігі демалушылардың санына сәйкес келуін және 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі керек. 

Нәтижесінде басшылыққа 115 АЕК (шамамен 320 мың теңге) айыппұл салынды. Билік ақылы жағажайлар жұмыс істей алады деген шешімін кәсіпкерлердің белгіленген ережелерді сақтайды деген үмітпен қабылдағандарын айтып түсіндірді.

Еске салсақ, Ақтау қаласының тұрғыны адамға лық толы ақылы жағажайды видеоға түсіріп алған. Авторды жағажайдың халыққа лық толып кетуі емес, осындай жағдайдың туындауына алып келген бас санитар дәрігердің тыйымдары көбірек уайымдатты.

27 шілде 2020, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.